АуылЗаң мен тәртіп

Ауыл тұрғындарымен кездесті

Қобда ауданының Әлия және Талдысай ауылдарында «Дін мен дәстүр», «Заң және тәртіп» тақырыптарында ауыл тұрғындарымен кездесу өтіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бибігүл Қылышбаева, аудан теологі Марат Молдағалиев, аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінін аға жедел уәкілі Әнуар Қалемов пен ауыл имамдары қатысты.

Олар «Ораза айы», «Дін мен дәстүр», «Заң және тәртіп» тақырыптарындабаяндама оқып, ашық диалог алаңын құрды. Кездесуге қатысқан ауыл тұрғындары сұрақтарын қойып, мәселелерін ашық айтып, кеңестер алды. Басқосуда діни сауаттылық, заңға құрмет көрсету және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мәселелері де талқыланды.Бұл іс-шара тұрғындардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ қоғамдағы түрлі теріс ағымдар мен заңбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Алдағы уақытта ақпараттық топ ауданның басқа да ауылдарын аралайтын болады.

 А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ,

Қобда ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button