Ұлттық құндылық және мектеп
Семинар
Ақтөбе қаласы №65 орта мектепте директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Ұлттық құндылық — тәрбиенің негізгі көзі» тақырыбында қалалық семинары өтті.
Семинардың мақсаты — мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының біліктілігін арттыру. Жиынды «Әдістемелік кабинет» мекемесінің әдіскері Айгерім Есенкелдіқызы ашты. Семинарда №65 мектептің психологіН.Сатыбалдина «Таныстыру» атты тренинг жүргізді. Ал мектеп мұғалімі В.Шағырова — «Әдептілік — тәрбие бастауы», Ш.Байсұлтанова — «Мамандықтар әлемі», А.Мұсаева мен Н.Атыраубаева «Қоңырау кезінде оқушыларды ұлттық құндылыққа тәрбиелеу ойындары» және «Тұмар» сәндік-қолданбалы өнер үйірмесінің жетекшісі Р.Амитова «Аврора-Арт» техникасы арқылы қайталанбайтын ерекше 3D суреттер бейнелеу» тақырыбында шеберлік кластарын өткізді. «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Р.Өмірзақов «Сүйектен кәдесый дайындау», Қазақтың тұңғыш генералы Жансен Кереев атындағы «Жас сарбаз» класының жетекшісі Б.Тағабергенов «Ұлттың болашағы —ұрпақта» тақырыптырында ой бөлісті.
Сондай-ақ «Өнерлі өрге жүзер» тақырыбындағы концерттік бағдарлама қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Семинар соңында «Класс жетекшілер бірлестігінің» жетекшісі А.Берікқызы мен 10 сынып жетекшісі М.Ақжарбай «Ұлттық құндылық — тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында коучинг өткізді. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Қайнадан кері байланыс жасап, қатысушыларға семинар барысында алған жағымды әсерлерімен, ой-пікірлерімен бөлісіп қорытындылады.
Б.ҚАБАҚБАЕВ,
№65 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.