Экономика

Қор нарығының құралдары

Қаржы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті әзірлеген қаржы және қор нарықтарының негіздері туралы мақалалардың тағы біреуін ұсынып отырмыз.

Қор нарығында меншікті ақшаны инвестициялаудың көптеген тәсілдері бар. Осы тәсілдердің қайсысы көп дәрежеде сіздің мақсаттарыңызға сәйкес келетіндігі туралы шешім қабылдау үшін Қазақстанның қор нарығындағы қаражатты инвестициялаудың барынша таратылған тәсілдеріне сипаттамаларды қарастырып көрейік.

Облигациялар
Облигациялар немесе кірісінің белгіленген пайызы бар бағалы қағаздар борыштық міндеттемелер санатына жатқызылады.

Сіз облигациялар сатып алған кезде, өз ақшаңызды кәсіпорынға немесе мемлекетке қарызға бересіз. Бұл үшін олар заем сомасынан сізге пайыздық кіріс төлеуге келіседі, сондай-ақ белгілі мерзім аяқталғаннан кейін заемның негізгі сомасын қайтарады. Мысалы, компания құны 100 000 теңгеге 1 жыл мерзімге  жылдық 11 %-бен 100 облигация шығарды деп болжайық. Бұл осы компанияның жыл аяқталғанғаннан кейін өзінің қағаздарын 11 %-ға қымбат сатып алуға тиіс екендігін білдіреді.

Облигациялардың негізгі артықшылығы олардың салыстырмалы сенімділігі болып табылады. Егер сіз тұрақты мемлекеттік немесе муниципалдық басқару органының облигацияларын сатып алатын болсаңыз,  ақшаңызды қайтару 100% (мұндай облигациялар «тәуекелсіз» деп аталады) қамтамасыз етіледі.

Екінші жағынан, қауіпсіздік және тұрақтылық осы бағалы қағаздар бойынша кірістің көрсеткішінде көрсетіледі. Облигацияларға тәуекелдің төмен дәрежесі тән болғандықтан, олар бойынша кіріс көрсеткіші жоғары емес.

Бүгінгі күні қор нарығында облигациялардың жеткілікті түрде түрлі жіктелуі ұсынылған. Олар эмитентке байланысты мемлекеттік және корпоративтік, шетелдік (шетелдік заемшылар) облигациялар деп бөлінеді.

Облигацияларды сатып алу үшін, бірінші кезекте, брокерлік компаниямен брокерлік қызмет көрсетуге шарт жасау қажет. Брокермен қызмет көрсетуге шарт жасау үшін сізге жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі, СТН көшірмесі, банк деректемелері қажет. Қандай да болмасын облигацияны сатып алғыңыз келсе, сіз брокерге клиенттік тапсырыс бересіз. Клиенттік тапсырыс нысанының түпнұсқасын тікелей бере аласыз не факс немесе электронды почта бойынша көшірмесін жібере аласыз, бірақ кейінірек түпнұсқасын брокерге нақты қолына беруге тура келеді. Қазіргі уақытта клиенттік тапсырмалар арнайы электронды кілтті пайдалана отырып Интернет-трейдинг арқылы берілуі мүмкін. Брокер осындай күрделі емес рәсімдердің бәрінен кейін клиенттің атынан және тапсырмасы бойынша  биржаға өтініш береді.

 

Акциялар
Әдетте акциялар бағалы қағаздар түрінде ұсынылады, ол оның иесі компанияның үлесіне ие екендігін куәландырады. Шын мәнінде, акционерлердің жыл сайынғы жиналысында дауыс беру құқығын және кәсіпорын тапқан пайданың бір бөлігін алу үшін, акциялар саны көп болуы қажет.

Бұдан басқа, акциялар қор нарығында барынша өтімді тауар болып табылады. Ал облигациялар кірістің тұрақты пайыздық деңгейін әкелетіндіктен, акциялардың бағамы (нарықтық бағасы) оларға сұраныс пен ұсынысқа байланысты үнемі өзгеріп отырады. Бұл баға ауытқулары айтарлықтай болуы мүмкін, бұл жағдайда инвесторлар акцияларды барынша төмен бағамен сатып алудан және оларды барынша жоғары бағамен сатудан пайда табуға тырысады.

Акцияларды сатып алу кезінде сізге ешкім кепілдік бермейтіндігін ескерген жөн. Кейбір кәсіпорындар пайданы капиталдандыруды дамытуға және ұлғайтуға бағыттай отырып, жай акциялар бойынша дивидендтер төлемейді. Ал сіздер сатып алған акциялардың бағасы ұзақ уақыт өзгермеуі, тіпті мүлдем минусқа кетуі мүмкін. Сондықтан 1-3 жыл бойы шұғыл керек болмайтын бос қаражат болғанда ғана нарыққа кіру керек. Қор нарығының жұмысы және БҚН құралдары туралы көмескі түсінікпен қор нарығында жұмысты бастамағаныңыз жөн, сіз өз ақшаңызды тәуекелге саласыз, сондықтан қаржы нарығындағы ахуалды жақсы біліп, түсінгеніңіз жөн.

Акциялар сатып алу үшін облигациялар сатып алу жағдайы сияқты брокерлік компаниямен брокерлік қызмет көрсетуге арналған шарт жасау керек. Бұл ретте брокердің  акциялар мен облигацияларды сатпайтындығын назарда ұстаған жөн, ол қор нарығында тек делдалдық қызмет көрсетеді. Қызмет көрсетудің тиісті түріне шарт жасай отырып, биржада жұмыс істеу үшін брокерге тапсырма беруді бастайсыз. Акциялар сатып алу үшін брокерге өтініш бересіз, ол өз кезегінде сіздің атыңыздан барлық операцияларды жасайды. Бұдан әрі клиент брокерлік компания ұсынған деректемелер бойынша ақшаны аударады. Ақша түскен сәттен бастап мәміле бірден белгіленеді, осыдан кейін сіз қандай да болмасын компания акцияларының иесі болып саналасыз.

 

Инвестициялық пай қорлары
Инвестициялық пай қоры (ИПҚ) – басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруына берілген салымшылардың біріктірілген қаражаты. Басқаша айтқанда, ИПҚ жеке инвесторлардың ақша қаражатын тартады, оған басқарушы компания (БК) бағалы қағаздарды немесе қолданылып жүрген заңнамамен рұқсат етілген басқа да активтерді сатып алады. ИПҚ инвестициялық стратегияларды іске асыру үшін құрылады, мұнда ірі кәсіпорындардың акциялары, ұсақ кәсіпорындардың акциялары, мемлекеттік облигациялар, кәсіпорындардың облигациялары, белгілі салалардың немесе жекелеген елдер кәсіпорындарының акциялары назарда болуы мүмкін, т.б.

ИПҚ ашық, аралық және жабық болып бірнеше түрге бөлінеді. Ашық қорда инвестордың өзінің пайын кез келген жұмыс күні сату немесе сатып алу мүмкіндігі бар. Аралық қорда шартта келісілген белгіленген мерзімде ғана өзінің пайын сатып алады немесе сатады.

Сіз қандай да болмасын бағалы қағаздарды таңдауға уақыт жібермей-ақ, өз қаражатыңызды инвестициялайтын жағдай инвестициялық пай қорларының негізгі басымдығы болып табылады. Теориялық тұрғыдан алғанда, кәсіби басқарушыларды тарту инвестициялардың басқа түрлерімен салыстырғанда ИПҚ-ға артықшылық береді.

Нарықтағы ашық және аралық ИПҚ жалпы саны  5000 теңгеден және бағаның жоғарғы шегі бойынша шектеулерсіз кіру сомасымен шамамен 36.

Пай сатып алу үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және СТН ұсына отырып, осы қызметті көрсететін компаниямен шарт жасау қажет. Осыдан кейін пай сатып алуға арналған өтінімді және жеке шот ашуға арналған бұйрықты толтырасыз, бұдан соң кез келген банк арқылы қажетті соманы аударасыз. Төлем жасалғаннан кейін 1-3 күн өткен соң пайшылардың тізілімінен үзінді көшірме алып, өз ақшаңыздың қозғалысын бақылай аласыз.

 

Раушан БІРМАҒАМБЕТОВА,

Жанар МАЗЕМБАЕВА,

сарапшылар.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button