Мәдениет

Өтеміс Әкімов өмірінің күнделіктері

Құрмет

Таяуда біздің әріптесіміз, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Өтеміс Әкімов кезекті 15-ші «Күнделігін» шығарды. Алайда ол қызықты өмірбаяндық жазбаларымен ғана танымал емес. Оның тікелей араласуымен ондаған энциклопедиялар мен кітаптар жарық көрді. Еңбек ардагерінің, саясатшының, экономистің, басқарушының, аудармашының, Н. Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қоры мүшесінің өз жерлестеріне айтатын әңгімелері көп.

Соның куәсі — облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық қызметтегі табыстарына қосқан елеулі үлесі үшін «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағының берілуі. Осы айтулы оқиғамен ақсақалды «Қазақойл-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құттықтады. Серіктестіктің бас директорының орынбасары Сәлім Ізімбетов ағаның зайыбы Жансұлуға  гүл ұсынып, өзіне 100 мың теңге сыйақы тапсырды.

Еш қысылмастан ақсақалды біздің заманымыздың нағыз ері деп атауға болады. Кешегі кеңестер елінің дамуының шешуші сәттері мен жас тәуелсіз Қазақстанның тарихының жарқын беттері осы адамның өмірбаянында тұр.

1957 жылы студент Әкімов «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталады. 1972 жылы Ойыл аудандық атқару комитетінің төрағасы болып жүргенде «Құрмет белгісі», 1986 жылы облыстық мәдениет басқармасының бастығы болғанда — «Халықтар достығы», 2009 жылы «Мұнайшы» қоғамдық қорының аймақтық үйлестірушісі қызметінде — «Құрмет» ордендерін, «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан мұнайына 100 жыл» медальдарын алады.

Ағамыз, тура мағынасында айтқанда, өзінің алтын күзін туған-туыстарының, жақын-жуық достарының ортасында қарсы алуда. Бес баласы да әке салған жолмен жүріп, мұнай-газ салаларында жұмыс істейді, 10 немересінің төртеуі шет елде білім алуда.

— Босқа өмір сүрмегеніме сенімдімін, өзім толық ризамын, — деп жымияды Өтеміс аға.

— Менің қарапайым еңбегімді елеп, жоғары бағалаған жерлестеріме рахмет. Тіпті осы егде жасымда да өз еліме, өзімнің облысыма пайдамды тигізе алады екенмін,— дейді Өтеміс Ұлықпанұлы.

Ләззат ЕГІБАЕВА.

Сурет Гаухар Борашеванікі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button