Жаңалықтар

Отандық өнім: даму және деңгей

Сауда

Облыстық әкімдік ғимаратында Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев ақтөбелік кәсіпкерлермен кездесті.

Ведомство басшысының орынбасары ел экономикасының 18 пайызы сауда-саттықтан құралатынын, бұл салаға кәсіпкерлік субъектілерінің 36 пайызы тартылғанын атап өтті.

— Сауда саласында 1,5 миллионнан астам адам жұмыс істейді. 2023 жылы саудаға салынған инвестиция көлемі 11,8 пайызға өсіп, 771,7 миллиард теңгеге жетті. 2027 жылға қарай негізгі капиталға 1,6 триллион теңге инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз.

2023 жылы сыртқы сауда 3,2 пайызға өсіп, 139,9 миллиард долларға жетті. Ал тауарлар мен қызметтердің экспорты 2,3 пайызға артты.

2024 жылдың 9 айында шикізаттық емес экспорттың номенклатурасы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 6 белгісі деңгейінде 3408 тауарға жетті, географиясы 135 елге дейін кеңейтілді.

Электронды коммерцияның көлемі шамамен 2,4 триллион теңге болды. Бұл бөлшек сауданың 12,7 пайызын қамтиды.

Жалпы елімізде барлығы 644 базар бар. Оның 116-сы жол картасы бойынша жаңғыртылатын болады, — деді Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.

Министр орынбасары бірқатар сауда нысандарының цифрлық картасы әзірленіп жатқанын, бұл екі тарап — саудагер мен сатып алушыға тиімді болатынын баян етті.

Ішкі нарықтағы сауданы дамыту мақсатында мемлекеттік қолдаудың да күшейтілгені айтылды. Яғнипайыздық мөлшерлемені субсидиялау, сауда нарықтарын жаңғырту, бөлшек сауда нысандарын салу һәм жаңарту, т.б.

— Қазақстанның өнімдері 135 елге тарайды. Мұнда Ақтөбенің де үлесі бар, — дедівице-министр.

Кездесу барысында кәсіпкерлер отандық өнімді дамыту, дәріптеу жайын қозғады. Сондай-ақ жергілікті өндірушілерге қолдау әлі де жасалса деген тілегін білдірді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button