Заң мен тәртіп

Заң мен тәртіп: Ақтөбе облысында кәмелетке толмағанда рарасындағы құқықбұзушылықты төмендету шаралары қабылдануда

Ақтөбе облысында «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында және «Зорлық-зомбылық, буллингке қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясының өткізілуі шеңберінде түнгі рейдтік шаралар белсенді түрде жүргізілуде. Бұл шарала ржасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандарды түрлі қауіптерден қорғау мақсатында ұйымдастырылған.
Түнгі рейдтер кезінде құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы билік өкілдері кәмелет жасқа толмаған азаматтардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүру деректерін бақылауда. Сонымен қатар, ойын-сауық орындары мен қоғамдық орындарда жасөспірімдерге алкоголь және темекі өнімдерінің сатылуын анықтау жұмыстарын жүргізуде. Рейдтердің негізгі міндеті – кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылық әрекетке баруына жол бермеу, сондай-ақ, ересектер тарапынан жас балаларға заңға қарсы әрекеттерд іістеуге итермелеу фактілеріне тосқауыл қою.
Ақтөбе облысының құқық қорғау органдары жастармен түсіндірме жұмыстарын да жүргізеді. Жасөспірімдермен кездесулер ұйымдастырылып, олармен құқықтық сауаттылықты арттыру, зорлық-зомбылықтан және буллингтен қалай қорғану керектігі туралы тренингтер өткізілуде. Сонымен қатар, жа сұрпаққа құқықтық жауапкершіліктер мен құқықтар туралы ақпарат беріледі.
«Заң және тәртіп» идеологиясы, сондай-ақ «Зорлық-зомбылық, буллингке қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы аясындағы түнгі рейдтер – жастардың құқықтарын қорғаудың, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды инструменты болыптабылады. Бұл шаралар Ақтөбе облысында кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтарға қатысуын төмендетуге, зорлық-зомбылық пен буллингпен күресуге бағытталған. Жасөспірімдердің құқықтары мен қауіпсіздіктері басты назарда қалып, оларға қоғам тарапынан қолдау көрсету мақсатында әрекеттер атқарылуда.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button