Экономика

Ақтөбе облысында шағын және орта бизнесті дамытуға 15,7 млрд теңге бағытталды

Президент Жолдауынан кейін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдаудың маңыздылығына назар аударды. Экономиканың табысты дамуы шағын және орта кәсіпорындар үшін қолайлы орта құруға байланысты екенін атап өткен Мемлекет Басшысы салық саясатының негізгі аспектілерін, бизнесті қолдауды және кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар туралы айтты.
Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының бұл бастамаларын тиімді іске асыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бизнесті реттеудің маңызды тетіктерінің бірі — әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы ұсынылатын қаржылық қолдау. 2024 жылы бұл мақсаттарға 15,7 млрд теңге бөлінді.
Осы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, 1 485 жобаға қолдау көрсетілді.
Қолдау субсидиялау, несиеге кепілдік беру және инфрақұрылымды дамытуды қоса алғанда, әртүрлі нысандарда ұсынылады. Әсіресе, қолдау көрсетілетін жобалардың үштен бір бөлігі облыстың аудандарында орналасқандығы, олардың дамуына ықпал ететіндігі ерекше назар аудартады.
2023 жылы Хромтау моноқаласының кәсіпкерлеріне несие беруге бағытталған шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту жөніндегі өңірлік бағдарлама іске қосылды. Жалпы бюджеті 2 млрд теңге болған бағдарлама аясында 95 жоба қолдау тапты.
Мақсатты жұмыс нәтижесінде шағын және орта бизнесті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Осылайша, тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы саны 93 мыңнан асты, оның ішінде 86 мыңы — белсенді жұмыс істеп жатыр. Бұл салада өңірдің 172 мыңнан астам тұрғыны еңбек етеді.
Өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің көлемі — осы сектор жұмысының тиімділігінің маңызды көрсеткіші. Бұл көрсеткіш
осы жылдың қаңтар-маусым аралығында 925,5 млрд теңгеге жетті. Өңірде шағын және орта бизнес саласын дамыту бойынша жұмыс жалғасуда.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button