Асхат Шахаров Ақтөбеде өтіп жатқан Дзюдо чемпионатының ашылуына қатысты
Ақтөбеде Дзюдодан Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.
Оған Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты. Шараға қазақстандық дзюдошы, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов те шақырылған. Іс-шара қонақтары чемпионат қатысушыларын оның ашылуымен құттықтап, жарыстарға сәттілік тіледі.
Асхат Шахаров құттықтау сөзіндедзюдодан чемпионаттың дәл Ақтөбеде өтіп жатқанының маңыздылығын атап өтіп, Туризм және спорт министріне көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғысын білдірді.
«Мемлекет басшысы Қазақстанда спортты дамытуға көп көңіл бөлуде. Бүкіл ел бойынша жаңа спорт кешендері салынып, жаттығу базалары мен спорт мектептері жаңғыртылып жатыр. Бұл кәсіби спортшыларға халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар спортты жастар мен жалпы халық арасында танымал етуге ықпал етеді.
Бұл чемпионат – қазақстандықтардың ерекше назарында. Біздің дзюдошылар Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевтың Париж Олимпиадасындағы жарқын жеңістері спортшылардың жаңа буынын жеңістерге жетелейді.
Бұл чемпионаттың Саламат Утарбаев, Рустам Ибраев, Гүлнар Көшербаева, Есет Қуанов және басқа да талантты спортшыларды тәрбиелеп отырған, дзюдода бай тарихы бар Ақтөбе жерінде өтіп жатқанықуантады. Дүбірлі дода облыс жастары арасында дзюдоны насихаттауға, спортпен шұғылдануына және чемпиондардың жаңа буынын тәрбиелеуге жол ашатынына, оларға күш-жігер беретініне сенімдімін», – деді Асхат Шахаров чемпионаттың ашылуында.
Облыс әкімі шараны ұйымдастыруға үлес қосқандарға алғысын білдіріп, жарысқа қатысушыларға жеңіс, өз командаларына қолдау көрсетуге келген көрермендерге жарқын эмоциялар тіледі.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жарыс қатысушылардыңтатамиде жарқын жеңістерге жетуіне тілектестігін білдірді.
«Мемлекет қолдауының арқасында чемпиондардың жаңа буынын тәрбиелеу үшін барлық жағдай жасалуда, бұл Қазақстанның әлемдік спорттағы позициясын нығайтады. Бүгінде көптеген қазақстандық дзюдошылардың есімдері әлемдік спорт тарихына енді. Олар – төзімділіктің, шеберліктің және табандылықтың үлгісі. Спортшылардың жас буыны өздерінің даңқты дәстүрлерін жалғастырып, әсерлі жаңа жетістіктер көрсететініне сенімдімін. Бұл чемпионат еліміздегі дзюдо спортыныңдамуындағы маңызды кезең болмақ және жаңа жұлдыздардың жануына, жеңістерге жетелеуге серпін береді», – деді Ербол Мырзабосынов.
Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев өз кезегінде елімізде спортшыларды даярлау жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына баса назар аударып, турнир әрбір қатысуға жарқын жекпе-жексыйлайтынына және дзюдоны одан әрі дамытуға түрткі болатынына сенім білдірді.
Чемпионаттың ресми ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке жоғары спорттық жетістіктерді айшықтайтын алтын «нашивканы»салтанатты түрде табыстады.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов екі дүркін әлем чемпионы Әбиба Әбужақынованы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» куәлігімен марапаттады.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде төрт күн бойы 15-18 қараша аралығында «Қоныс» спорт кешенінде еліміздің түкпір-түкпіріненжиналған дзюдошылар бақ сынайды. Чемпионатқа 17 облыстан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 510 спортшы қатысып жатыр. Спортшылар жеті салмақ дәрежесінде медаль алу үшін өзара мықтыны анықтайды.
Чемпионат жеңімпаздары еліміздің ұлттық құрамасына енеді.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.