Жаңалықтар

“Дәуір дефилесі”: Ұлттық киімдер көрсетілімі

Аймақта алғаш рет өткізіліп жатқан «Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалі аясында «Дәуір дефилесі» ұлттық киімдер сән көрсетілімі ұйымдастырылды.

Ақтөбе қаласындағы «Өнер» орталығында өткен сән көрсетілімінде елімізге танымал этнограф, үздік шеберлердің туындылары ұсынылып, сатылымға шығарылды.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық киімнің маңыздылығын көрсету, тарихымен таныстыру, ұлттық үлгіде тігілген киім арқылы жастардың бойына отансүйгіштік сезім ұялату. Жастарды ұлттық салт-дәстүрге баулып,  ұлттық киімнің  сән-салтанатын, қадір қасиетін арттыру, қолданыс аясын кеңейту.
Сән көрсетілімінде Алматы, Ақтау, Шымкент және Ақтөбе қалаларының белгілі этнограф-дизайнерлерінің туындылары ұсынылды. Сонымен қатар дизайнерлердің туындыларын сатып алу үшін аукцион ұйымдастырылды.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button