Жаңалықтар

«Ауыл аманаты», «Жайлы мектеп» және баспана

Темір ауданы

Жыл басталғалы Темір ауданын 30 миллиард теңге көлеміндеинвестиция тартылған. Ал бюджеттің кірісі 9,9 миллиард теңгеге жеткен. Бұл туралы бейсенбі күні 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев айтып берді.

— Ауыл  шаруашылығы саласы бойынша  жалпы   өнім   көлемі  — 19,6 миллиард теңге. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 11,5 миллиард теңгеге жетті. Жұмыссыздық деңгейі — 8,5 пайыз, яғни ресми органдарда 1481 адам жұмыссыз ретінде тіркелген.

Ауыл шаруашылығы саласында 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 14 өндірістік кооператив, 339 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша барлығы 76 жоба қолдау тапты. Қалғандары әзірге комиссия қарауында, — дейді аудан әкімі.

Оның айтуынша, тұрғындардың 96 пайызы,елді мекендердің62,5 пайызы(15 елді мекен) көгілдір отынмен қамтылған. Биыл Алтықарасу, Еңбекші ауылдарына газ жүргізілген. ЕндіШығырлы және Ащысай  елді мекендеріне газ тартылмақ,жобалық-сметалық құжаттама сараптамадан өтіпті.

Аудан бойынша тұрғын үй қорынан 2022 жылы 2 үй, былтыр 26 үй, ал осы жылы

2 үй көпбалалы аналарға, әлеуметтік жағынан әлсіз топтар мен бюджеттік мекеме қызметкерлеріне берілгені айтылды. Қазіргі таңда баспана кезегінде 399 темірлік тұр. Оның ішінде көпбалалы аналар, жетім балалар, мүгедек жандар, мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер, сондай-ақ апаттық үйлерді паналап отырғандар бар. Жалпы, биыл Шұбарқұдық кентінде 16 пәтерлік 2 қабатты тұрғын үй тапсырылса, 5 қабатты тұрғын үйдің шатыры мен қасбетін жөндеу үшін қажетті құжаттар әзірленіпті.

— Ауданда  27  жалпы  білім  беретін  мектеп, 4  қосымша білім беру ұйымы, 13  мемлекеттік және 4 жеке балабақша бар. Жыл соңына дейін Шұбарқұдық кентінде 150 орындық және 70 орындық жеке балабақшалар ашылады. Ал Алтықарасу мектеп-балабақшасына, Шұбарқұдық кентіндегі Қызылжар жалпы орта білім беретін мектебіне және «Айгөлек» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар Шұбарқұдық және Кенқияқ елді мекендерінде «Жайлы мектеп»  жобасы аясында 600 орындық мектеп құрылысының жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған мектептердің құрылысы 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр, — деді Саламат Аманбаев.

Айта кетейік, ауданда 1 қала мен 10 ауылдық округке қарасты 24 елді мекен бар.Тұрғындар саны — 35 271.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button