Экономика

Astana Motors компаниясы бірнеше көлік брендтерін өндіру бойынша келісімшарт жүргізді

ASTANA MOTORS MANUFACTURING KAZAKHSTAN (AMMKZ) мультибренд зауытында 9 автокөлік моделі шығады.

Қазіргі уақытта Сhery Tiggo 2, Haval Jolion, Tank 300 модельдерін өндіру бойынша бренд иелерімен келісім жүргізілді. Сонымен қатар, Changan CS55 бойынша келісім жүріп жатыр, деп хабарлайды компанияның баспасөз турына қатысқан өз тілшіміз.

Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, жоба құны — 182 млрд теңге. Оның 30%-ы – Astana Motors Manufacturing Kazakhstan жеке қаражаты, 70% — 9% мөлшерлемеде 15 жылға қарызға алынған қайтарымды қаражат.

«Жоба Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қазақстан Даму банкі, Өнеркәсіпті дамыту қоры, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен іске асырылады», — деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.

Өндіріс қуаты, компания өкілдерінің мәліметінше, жылына 90 000 бірлік. Өнімнің 40%-ы Қазақстан нарығында сатылады, 60%-ы экспортқа шығады.

Айта кетейік, ASTANA MOTORS MANUFACTURING KAZAKHSTAN (AMMKZ) компаниясы — жеңіл автомобильдер шығаратын толық циклді мультибренд зауыты, «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны.

Зауыт аумағы — 309 000 шаршы метр. Аумаққа дәнекерлеу, құрастыру, шанақ пен пластикалық бөлшектерді бояу секілді өндірістік цехтар мен компоненттер қоймасы, сонымен бірге,шанақтарды бөлудің автоматты қоймасы, салмақ өлшеу, сынақ полигоны, лак-бояу материалдары қоймасы кіреді.

Зауыт аумаңында дайын өнім қоймасы, дайын көлікті тиеп жөнелтуге арналған алаңдар, өрт резервуарлары мен сорғы, тазарту жабдықтары, қазандық, компрессорлық, салқындатқыштар мен салқындатқыш мұнаралар секілді инженерлік желілер, сонымен бірге, әкімшілік-тұрмыстық корпус, екі жерасты туннель бар.

AMM KZ өндірістік алаңдарында жартылай автоматтандырылған үш дәнекерлеу цехы, үш құрастыру желісі, сондай-ақ ішінара роботтандырылған, 1 автоматтандырылған шанақты бояу цехы, 1 автоматтандырылған пластикалық бөлшектерді бояу цехы орналасқан. Шанақты бояу цехында 9 катафорезді ванна және 34 робот пен соңғы буындағы атомайзерлер бар.

Зауыт құрылысына қазақстандық инженерлер мен құрылысшылар жұмылдырылған. Олардың үлесі 90%, қалған 10% — автомобиль зауыттарын салуға маманданған шақырылған инженер-кеңесшілер. Ал, құрылыс кезінде қолданылған материалдардың жартысынан астамы қазақстандық, ал бетон, арматура, құбырлар, желдеткіш қораптар секілді кейбір позициялар бойынша отандық үлес 100%-ға жетеді.

Айта кетейік, AMMKZ бірнеше жетекші өзара бәсекелес қытай брендтерінің көліктерін шығаратын әлемдегі жалғыз мультибренд зауыт. Дәнекерлеу және құрастыру цехтары әртүрлі қабаттарда орналасқан ТМД аумағындағы жалғыз зауыт және шанақтарды автоматты түрде тарататын қоймасы бар ҚР аумағындағы бірінші зауыт екенін де айта кеткен жөн. Зауыттың үш учаскесінің арасында ұзындығы 60 метрден асатын екі туннель орнатылды, олар сынақ полигонына шығу және дайын өнім қоймасы ретінде қызмет етеді.

Ал, іргетасты қалау кезінде құрылысшылар 1.8 миллион текше метрден астам жер массасын игерді, өйткені құрылыс басталған кезде учаскенің оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жақтары арасындағы биіктік айырмашылығы 21 метрді құрады, биіктігі 7-ден 14 метрге дейін тіреу қабырғалары орнатылды және ұзындығы 18-ден 22 метрге дейін 4 191 қада қағылды. Құрылысқа 14,5 мың текше метр бетон, 16 мың тоннадан астам металпрокат жұмсалады. Катафорезді ванналарды орнату ауданындағы бірінші қабат еденіне есептелген қысым 7000 кг/м2. Салыстыратын болсақ, зауытта шығатын Chery Tiggo 2 максималды массасы — 1335 кг, бұл тұрғын үйдегі шаршы метрге есептелген салмақтан 7 есе көп.

Құрал жабдықтарға келер болсақ, зауытқа қажет жабдықты 60 жылдан астам автомобиль зауыттарына арналған жабдықтар өндірісінде көшбасшы атанған, әлемге танымал Automotive Engineering Corporation (Қытай) компаниясы жеткізеді. AE Corp. клиенттері: BMW, Hyundai, Toyota, Jaguar, LandRover, BYD, Mercedes-Benz, Volkswagen және т.б. автоөнеркәсіптің әлемдік көшбасшылары. Компания 30 000-нан астам жобаны жүзеге асырды, әлемдегі шамамен 80% зауытқа жабдық жеткізді.

Сондай-ақ, зауыт Siemens (Германия), ABB (Швеция-Швейцария), Schneider (Франция), Fanuc (Жапония) және т.б. сияқты жаһандық брендтердің жабдықтарын да пайдаланады. Сонымен қатар электромобильдер өндірісінде арнайы жабдық пен антистатикалық (өткізгіш) жабыны орнатылады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button