Экономика

ҚХР компаниясы Ақтөбе өңіріне инвестиция тартуға ниетті

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов ҚХР-дың Zhong Mao Group компаниясының басшылығымен кездесті.

Басқосуда тараптар жер қойнауын пайдалану және өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Машина жасау және энергетика саласында табысты жұмыс тәжірибесі бар Zhong Mao Group компаниясы Ақтөбе облысына көбірек инвестициялар, заманауи технологиялар мен білікті кадрлар тартуға ниетті.

Жалпы, жергілікті және қытайлық инвесторлар өз ресурстарын металлургия саласын қолдауға, соның ішінде никель-кобальт кендерін және қосылған құны жоғары технологиялық өнімдерді өндіруге және никель ресурстарына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға бағыттайды, бұл өз кезегінде Ақтөбе облысының экономикасының дамуына ықпал етеді.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button