Жаңалықтар

Ақтөбеде Қарғалы өзенінің арнасын тазарту жұмыстары жүргізілуде

Қарғалы өзенінде су айдынының арнасын тазарту және кеңейту, сондай-ақ түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі осы жұмыстардың барысын тексеріп, олардың сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Азамат Нагимов әкімді жұмыстарға бақылау жүргізіліп жатқанына сендірді.

«Барлық шара белгіленген нормалар мен санитарлық талаптарға қатаң сәйкес орындалады. Қазіргі уақытта өзендер су тасқыны кезінде құлаған ағаштардан тазартылуда, оларды арамен кесу және жағаға шығару жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте жағалау аймақтарының арақашықтығы және табиғатты қорғау жөніндегі барлық норматив қатаң сақталады», – деп түсіндірді Азамат Нагимов.

Н.ДАБЫЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button