Мәдениет

Достықтың сазы…

Кеше облыстық Достық үйінде «Достық сазы» фольклорлық ансамблінің тұсаукесер концерті өтті.

Достық үйінің жанынан құрылған ансамбльдің көркемдік жетекшісі — белгілі домбырашы Бақытбек Зейнелов. Аталған ұжымның құрылғанына 2-3 айдың шамасы болыпты, осы аз уақыттың ішінде репертуары 50 шақты шығармамен толыққан.

— Бұл — Қазақстан ұлттары арасындағы достықты, ынтымақ пен толеранттылықты насихаттау мақсатындағы жасалып жатқан жұмыстардың бір парасы. Ансамбльдің бір ерекшелігі — қазақ ұлттық аспаптарының сүйемелдеуімен қазақтың дәстүрлі ән-күйлерімен, қазіргі композиторларының шығармаларымен қоса өзге ұлттардың шығармаларын да орындайтындығында.

Облыстық әкімдік пен облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен ансамбльге қажетті барлық музыкалық аспаптар түгел алынды, — дейді Достық үйінің директоры Қанат Айтбаев.

Облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Қ.Ермұханов жаңа ансамбльді алғашқы концертімен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Фольклорлық ансамбльдің тұсаукесер концертінде қазақтың ән-күйлерімен бірге өзбек, қырғыз, түрікмен, татар, украин, корей, молдова, т.б. ұлттардың шығармалары орындалды. Сахнаға Қанат-Света Айтбаевтар, Гүлмарс Аманбаева секілді белгілі әншілермен бірге Достық үйі жанындағы ұлттық орталықтар өкілдері де шықты.

М.САТАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button