Мереке

Берері мол «библиоарбат»

24 қазан — Кітапханашы күні

«БиблиоАрбат» — аудан тұрғындарының бос уақытын кітап оқи отырып, тиімді өткізуге бағытталған авторлық мәдени жоба.

Биыл бұл іс-шара ауданымыз- да екінші жыл ұйымдастырылды. Маусым айында басталған жоба жақында қорытындыланды.

Ұй ымдастырушылар әр апта сайын оқырмандардың басын қосып, ақын-жазушылардың шығарма ларын насихаттап, кітап әлемі мен оқырман арасын байланы стыруға үлкен күш салды.

— Жоспар ақын-жазушылардың аясында мерей тойларын атап өту мақсатын да әдеби-мәдени іс-шаралар, көркем шығармалар желісімен түсірілген кинофильмдер көр сетіліп, куиз ойындары ұйымдас- тырылып, квесттер мен кітап ханалық кафелерде шығармалар мен авторлар кеңінен насихат талды.

Әр жоба сайын жасақта латын кітап көрмелері арқылы кітапханамыздың бай кітап қо ры көрсетіліп, оқырманға кітап ты үйге жаздырып алып оқуға мүмкіндік туды. Сонымен қатар балалар кітапханасының қы зықты, тартымды, танымдық, ақпараттық, ертегі кітапта ры мен мақал-мәтел, жұмбақ, логикалық сұрақтар негізінде сайыстар өткізіліп, балалар жо баның тұрақты келушілеріне айналды.

Оған қоса «БиблиоАр бат» жобасы аудан тұрғындары үшін мәдени-тынығу орнына ай налып, аудандық Мәдениет үй інің ұйымдастыруымен «Карао ке кештері» де өткізілді, — дей ді аудандық кітапхананың кітап ханашысы Н.Мәтбаева. «БиблиоАрбаттың» жабылу рәсімі биылғы маусымның тақы рыптарын қорытындылауға арналып, кітап көрмелері жа сақталды.

Кітапхана қызметкер лері тақырыпқа сай кейіпкер бо лып киініп, көрмелерге библио графиялық шолу жасады.

Жоба авторы Қанат Қартбаев кешке жиналған оқырмандармен тұрақты өткізілетін «Kahoot» ой ынын ұйымдастырып, жиналған дар сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді.

Ойындағы логика лық, интеллектуалдық, танымдық сұрақтарды дәл тапқан оқырман ның абыройын асырып, білме гендердің білім қорын кеңейтті.

Нәтижесінде үздік шыққан ойын шылар кітапхана әкімшілігі тара пынан сый-сияпатқа ие болды. Маусымның жабылу салтана тында аудан басшысы Нұрлыбек Өнербаев кітапхана сала сындағы жетістіктерге, осы са лаға көрсетілетін қолдауларға тоқталып, «БиблиоАрбат-2024» маусымына белсене қатысқан дар мен жоба авторы, кітапхана әдіскері Қанат Қартбаевты Алғыс хатпен марапаттап, естелік сый лықтар табыс етті.

«БиблиоАрбат» алаңында жаз бойы өткізілген іс-шараларда түсірілген фотосуреттерден галлерея жасақталып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

 Жұлдыз КЕНЖЕ, Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button