Мереке

Кітапханашының жұмысы — тың идеялар бастауы

24 қазан — Кітапханашы күні

«Әділетті Қазақстан — Адал азамат» ұлттық құрылтайының екінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шын мәнінде, кітап оқитын ел ғана ақылды ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа деген құштарлығын оятуымыз керек», — деп атап өтіп, кітапханалар мен кітапханашылардың жағдайына ерекше назар аударды. Осылайша былтыр елімізде Үкіметтің қаулысымен 24 қазан Кітапханашы күні болып бекітілді. Кәсіби мереке кітапханашы мамандығының мәртебесін көтеретініне сенімім мол. Осы саланың дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқандардың бірі — қаламыздағы М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапхана библиографіНазерке Жәлелова. Ол 2017 жылы Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің кітапхана ісі мамандығын 2020 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің кітапхана ісі мамандығын тәмамдады.

Жас болса да Назерке Жалелованың марапаттары да жетерлік. Былтыр ол Мәдениет қызметкерлері күніне орай Құрмет грамотасымен, «Жас кітапханашы 2023: жаңа мүмкіндіктер уақыты» атты жастар лабораториясының сертификатымен, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директорының Алғыс хатымен, Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ «Қазақстанның үздік мәдениет қызметкері» республикалық байқауында Құрмет грамотасы мен төсбелгіге және«Worldskills Ақтөбе-2024» аймақтық «Кітапханашы» құзыреттілігі бойынша 3 дәрежелі дипломға ие болды. Назерке — «Қазақстанның үздік мәдениет қызметкері» және «Мәдениет саласының мәртебелі маманы» төсбелгілердің иегері. «Дарабоз», «KINOKesh», «Кітап. Кітапхана.Кітапханашы» жобаларының авторы.Қарағанды облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Жастарды кітапханаға тарту» атты жобалардың ашық байқауына қатысып, Алғыс хат иеленді.

Айымгүл СҚАҚОВА,

М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапхана редакторы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button