Мереке

Мәртебесі биік мереке

Тағылым

 Республика күні — ұлтымыз, еліміз үшін айрықша мереке.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның «Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы» қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. 2022 жылы 25 қазан — Республика күні ұлттық мереке мәртебесін алды.

«Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», — деп Мемлекет басшысы айтқандай, республика күні кең көлемде аталып өтуі керек.

Ұлттық мерекені егемендіктің символы болған елордамыз бен тарихы терең әсем қалаларымыздан бастау алып, ауыл-аймаққа жеткізіп, жаңғырта тойлап, келер ұрпақ жалғастыратындай үрдіс қалыптастыруымыз қажет.

Қазақстан Республикасының бірлігі мен ынтымағы жолында қабылданған бұл декларация — тәуелсіздігіміз сынды азаттықтың бірегей белгісі.

Ұлттық мерекенің тәрбиелік мәні турасында сарбаздарға, жалпы жауынгерлерге үздіксіз мәліметтер беріліп отырады.

Аңсап, армандап жеткен егемендігіміздің кепіліне айналған әскери күштік құрылымдардың қоғамдағы орны зор. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мен тыныштықты күзететін біздің Ұлттық ұланның қайсар жауынгерлері қай кезеңде де ел үшін, Отанымыз үшін әрекет етуге дәйім дайын тұратынына менің сенімім зор.

Қандай кезеңде де көк байрақты қолдан түсірмейтін біздің жауынгерлердің рухы өр, намысы биік.

 Еділхан АЙМАҒАМБЕТОВ,

№6655 әскери бөлімнің командирі,

полковник.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button