Жаңалықтар

Рухани басқосу

Оқуға құштар колледж

Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында Сақтаған Бәйішевтің туғанына 115 жыл толуына орай «Сарайы таза, санасы биік тұлға» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті.

Білім ұйымының кітапханашылары ұйымдастырған кездесуге «Кітапхана ісі» мамандығының 215, 315 топ білім алушылары мен колледж оқытушылары қатысты. Халқымыздың айтулы перзенті, белгілі ғалым, мемлекет қайраткері, кешегі Ұлы Отан соғысында жауынгерлік қосындарды басқарып, ерлігімен көзге түскен бірегей азамат, академик Сақтаған Бәйішевтің туғанына 115 жыл толды. Осы орайда өткізілген басқосуда ғалым өмірі мен ғылыми еңбектері, жеткен жетістіктері туралы бейнематериалдар көрсетіліп,сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Топтық жұмыспен белсене қатысқан студенттер өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.Кітапханада өткен рухани кездесу кітап оқу мәдениетін дамытып,ұлт дәрежесінің көтерілуіне оң ықпал беретініне сенім мол.

Райла ЕСКАРИНА,

Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің кітапханашысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button