Мәдениет

Заман заңға бағынады

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Абай атындағы қалалық кітапханада «Құқықтық сауаттылық — заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, сауаттылыққа тәрбиелеу негізінде өткен шараға Сазды полиция бөлімінің жасөспірімдер жөніндегі инспекторы, полиция каптаны Т.Сутенгенов, облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің мониторинг және ақпараттық талдау қызметі бөлімінің бас маманы А.Кемалова, қалалық білім бөлімінің бас маманы Б.Көптілеуов, №33 қазақ орта мектебінің құқық пәні мұғалімі Ж.Ильясова және осы мектептің 10-сынып оқушылары қатысып, балалар құқықтарына байланысты ой қозғады.

Шара барысында оқушылар мамандарға бала еңбегін пайдаланушыларға, базар маңында сауда жасап жүретін жасөспірімдерге қатысты сауалдарын қойды. Сонымен қатар олар дүкендерде балаларға алкоголь өнімдері мен шылым сатуға тыйым салынғанымен бұл мәселенің әлі де шешімін таппай отырғандығы туралы, «Жасыл ел» бағдарламасы, «Мектепке жол» акциясына қатысты, сондай-ақ  мектеп оқушыларын тегін тамақтандыруға қатысты, мүгедек балалардың қаншалықты біліммен қамтылып жатқандығы туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Дөңгелек үстелдің соңында кітапханашы Қанымша Есжанова «Заң — заман белесі» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Н.БИЖІГІТОВА,

Абай атындағы қалалық

кітапхана меңгерушісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button