Референдум

Отбасымен келіп дауыс берді

Махамбетовтер отбасы — Ақтөбе қаласындағы №8 орта мектепте орналасқан №551 сайлау учаскесіне ерте келіп дауыс бергендердің бірі.
Отағасы Ғалимат Махамбетовтің айтуынша, биылғы референдумның ел болашағы үшін маңызы зор.
— Бүгін отбасымызбен келіп өз таңдауымызды жасадық. Мұндай саяси шарадан ешқашан қалған емеспіз. Биылғы референдумның ұрпағымыздың келешегіне, ел дамуындағы орны ерекше, — дейді ол.
№551 референдум учаскесінің төрағасы Бағила Машимованың айтуынша, таңғы сағат 7.00-ден бастап учаскеге шамамен 50-ден астам сайлаушы келіп дауыс берген.
— Біздің учаскеде тіркелген сайлаушылар саны — 2671. Оның ішінде бір адам үйден дауыс беруге өтініш білдірді. Түстен кейін комиссия мүшелері үйден дауыс берушілерге барады. Жалпы, учаске референдумға толық дайындалып, жабдықталды. Қазір мұнда алты адам байқаушы ретінде дауыс беру процесін бақылап отыр. Келушілердің белсенділігі жаман емес, дауыс беру қалыпты өтіп жатыр, — дейді учаске төрағасы.

Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button