Референдум

Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде атом электр стансасын салу бойынша референдумда дауыс берді.

«Бүгін тарихи күн. Халқымыз АЭС құрылысы бойынша дауыс береді, маңызды мәселе. Бүгін халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекетіміздің түпкілікті байламы сондай болады», – деді Мемлекет басшысы дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар БАҚ өкілдері Президенттен референдумнан қандай нәтиже күтетіндігін сұраған еді.

«Нәтиже оң болады деп ойлаймын. Шын мәнінде дұрыс айттыңыз, бүгін тағдыршешті оқиға. Келешекте осындай оқиғалар неғұрлым көп болса, біздің халқымыз үшін, еліміз үшін жақсы болады деп ойлаймын. Себебі, халқымыз осындай өте маңызды мәселелер бойынша дауыс береді. Сондықтан референдумды қолдаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс береді.

Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров елдің барлық өңірінде Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум басталғанын ресми мәлім етті.

1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы.

INFORM.KZ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button