Референдум

Жастар белсенді

Ақтөбе қаласындағы №51 гимназияда орналасқан №112 референдум учаскесіндегі жұмыс таңғы сағат 7-де басталды. Бюллетеньдер салынған жәшік байқаушылардың қатысуымен ашылды. Келушілерді көңілді әуендер қарсы алды.
Елімізде АЭС салу бойынша өтіп жатқан референдумға ертелетіп келіп жатқандардың қарасы көп болды. №112 референдум учаскесінің төрағасы Гүлдәурен Нығыметтің айтуынша, жәшік ашылмай келіп, күтіп тұрған алғашқы 13 тұрғынға сыйлық берілді.
— Біздің учаскеде барлығы 2524 тұрғын бар. Оның 32-сі — алғаш рет дауыс беретіндер. Тұрғындар белсенді келіп жатыр. Осы уақытқа дейін келгендердің дені — жастар.
Әзірге 6 адам үйден дауыс беруге өтініш берді, бұл сағат он екіге дейін тағы өзгеруі мүмкін, — дейді референдум төрағасы.
Алғаш рет дауыс бергендердің бірі – М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің 2-курс студенті Шахмардан Рахатов. Кабинаға кіріп, таңдауын жасап шыққан оған референдум учаскесінің төрағасы сыйлық берді.
Референдум маңыздылығын түсінгендер таңдау жасауда белсенділік танытты.

Айнұр Ілиясқызы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button