Референдум

Зауыт жүргізушісі өз таңдауын жасады

Ақтөбе қаласындағы №78 референдум учаскесіне ерте келіп дауыс бергендердің бірі — Ақтөбе рельс-арқалық зауытының жүргізушісі Болат Адаев.
Бұл учаске қаланың Көктем тұрғын алабындағы №50 орта мектепте орналасқан.
№78 референдум учаскесінің төрағасы Мирамкүл Құдайбергенованың айтуынша, учаске өз жұмысын сағат 7.00-де бастаған.
— Референдум учаскесі өз жұмысын Мемлекеттік Гимнмен бастады. Таңғы сағат 7.00-де өз таңдауын жасауға учаскеге 16 адам келді. Солардың бірі — Болат Адаев. Біз ерте келіп дауыс бергендерге Мемлекеттік Туымыз бейнеленген блокнот сияқты шағын сыйлықтар бердік. Тұрғындардың белсенділігі жоғары. Дауыс беруге келіп жатқан жастарымыздың да қарасы көп, — деді Мирамкүл Құдайбергенова.
Бұл учаскеге тіркелген 2708 адамның 13-і денсаулығына байланысты үйден дауыс береді. Референдум учаскесінің хатшысы Алмира Жәлімбетованың айтуынша, қазіргі күні үйден дауыс беретіндердің туыстары сағат 12.00-ге дейін тапсырыс қалдыруға тиіс. Учаскеге жауапты тұлғалар сағат 12.00-ден кейін шағын бюллетень жәшігін алып, тапсырыс қалдырушылардың мекенжайына баратын болады.

Арайлым ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button