Мереке

«Қазақойл Ақтөбе»: мұнай мен көгілдір отын көзі

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС 1999 жылы 21 қыркүйекте құрылды. Биылғы жыл мұнай-газ саласының қызметкерлері үшін ерекше: ол отандық мұнай өндірудің 125 жылдығы мен компанияның құрылуының ширек ғасырлық мерейтойы аясында өтуде.  Үлкен ұжым өзінің мүшел жасын жақсы және тұрақты көрсеткіштермен қарсы алады. Оның кәсіби қызметі аясында көптеген жетістіктер бар.

Бір мүдде жолында еңбек етіп жатқан үлкен команданың әрбір қомақты табыстарының артында әрдайым адамдар тұрады, олардың арасында көзге көп түсе бермейтін қарапайым жұмысшылар да жетерлік. Аймақтың жетекші мұнай-газ өндіруші кәсіпорнының құрметіне мұнда жұмысшылар қарапайым және негізгі болып бөлінбейді, бәрі бірдей, өйткені әркімнің үлесінен үлкен іс туындайды.

«Біз 25 жыл — бұл елеулі кезең, толыққанды мерейтой деп санаймыз. Мұндай табыстың негізі мұнай өндірудің жоғары өсу қарқыны, сондай-ақ қызметкерлердің кәсібилігі мен жоғары құзыреттілігі, озық технологияларға бағдарлану болды.

Біз өз тарихымызбен, орасан зор жұмыс тәжірибемізбен, ең бастысы, компанияның ең құнды капиталы болып табылатын өз ұжымымызбен мақтанамыз. Бүгінгі таңда біздің ұжымда 569 қызметкер жұмыс істейді», — делінген компанияның сайтында.

Дерекке сүйенсек…

25 жыл ішінде17 868 533 тонна мұнай және 10 805 000 000 м3 газ өндірілді

 * «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және Caspian Investments Resources Ltd (Sinopec) қосарлы негізде «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС қатысушылары болып табылады.

Мұның қалай басталғаны туралы бізге «Қазақойл Ақтөбе» қызметкерлері айтып берді.

Үлкен жолдың бастауы

Нұрбол ТІЛЕУБЕРГЕНОВ,

Өндірістік-технологиялық бөлім бастығының орынбасары

— 2001 жылдың қараша айында біздер, 25-26 жастағы сегіз жас жігіт Әлібекмола кен орнына техникалық қондырғылардың операторы қызметіне келдік. Бізді мұнда екі вахтыға бөлді: төртеуміз – бірінші, қалғанымыз — екінші кезекке жіберілдік.

Біздің міндетіміз мұнай мен газды алғашқы дайындау болды. Содан кейін өндіру А-26 және А-28 екі барлау ұңғымасында жүргізілді. Олар 1988 жылы бұрғыланғанымен, бүгінгі күнге дейін жұмыс істейді. Шикізатты бастапқы газсыздандыру орын алған мұнай дайындау қондырғысында мұнайды арнаулы ыдыстарға жинақтап, Кеңқияққа жөнелту жүйесіне жіберіп тұрдық.

Бастапқыда 22-ші алаңдағы бұрынғы солдаттар казармасында тұрдық, мұндағы жағдай белгілі ғой. Бізді 2005 жылы «Мұнайшы» вахталық кентінің жатақханасына аударды, бұл жерді шағын қонақүй деп атадық. Айырмашылық аспан мен жер сияқты болды.

2002 жылдан бастап компания қарқынды дами бастады: маңызды өндірістік нысандар пайдалануға берілді. Мысалы, 2003 жылы мұнай қыздыру пункті іске қосылуымен мұнайды тауарлық деңгейге дейін дайындау мүмкін болды, жұмыстастарымыздың жартысы дерлік сонда жұмыс істеуге ауысты.

2003 жылы екінші кен орны — Қожасай игеріле бастады. Кәсіпорын кеңейген сайын қабаттық қысымды ұстап тұру, газды қайта өңдеу ісімен шұғылданатын жаңа цехтар пайда болды.

Айта кетейік, осы алғашқы газ кешенінің арқасында дайын өнім — тауарлық газ, сұйытылған көмірсутек газы, техникалық күкірт және конденсат шығарыла бастады. Оның барлығы да ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие.

21 қыркүйекте туған компаниямызға 25 жыл толады. Соның жиырма үш жылында мен осы кәсіпорынмен бірге өсіп, дамып жатырмын. Мен осы ұжымда еңбек еткенімді мақтан тұтамын, былайша айтқанда компания тарихының бір бөлігімін деп есептеймін.

Қолайлы жағдай жұмысқа жігер береді

Нұрлыбай ҚҰЛСҮГІР,

Тұрмыстық қызмет бойынша бойынша аға әкімші

Әрине, мен және менің әріптестерім— екі комендант және үш әкімші — мұнай мен газ өндірмейміз, оларды қайта өңдемейміз. Бірақ біздің жұмысымыз солармен бірдей маңызды және қажет, өйткені біз қызметкерлердің толыққанды демалысы үшін тұрмыстық және жайлы жағдай жасаймыз.

Қазір «Мұнайшы» вахталық кентінің (Әлібекмола кен орны) аумағында екі қабатты ғимарат жұмыс істейді, онда 82 тұрғын бөлме бар. Қызметкерлерге жиһаз, теледидар, кондиционер, душ, байланыс, серіктестік есебінен үш мезгіл түрлі мәзірдегі тамақтану жолға қойылды.

Компания басшылығы әлеуметтік мәселелерге ерекше назар аударатынын атап өткім келеді. Өмір сүруге жақсы жағдай жасау үшін әлеуметтік нысандар үнемі жаңартылып отырады, осылайша қызметкерлер толық демалып, спортпен шұғылдана алады және қажет болған жағдайда сауықтыру курсынан өте алады. Бүгінде бәрі мұны әдеттегідей қабылдайды.

Алайда әрдайым олай бола бермейді. 2001 жылдың мамырында мен учаске қызметінің шебері болып жұмысқа тұрдым, біз өзімізбен бірге азық-түлік пен суымызды алып келдік. Егер мұнайшылар таңғы астан кейін он шақырымға жұмысқа кететін болса, біз — мен, сантехник, ағаш ұстасы, электрик, жұмысшылар — қысқа мерзімде бұрынғы әскери базаның ғимараттарын (22 алаң) кеңселер мен жатақханаға жабдықтауымыз керек еді. Біз сол кезде жақсы жұмыс жасадық деп ойлаймын.

2001 жылдың күзінде тамақтантандыру қызметін ұйымдастыруға маманданған компанияның он аспазы келді. Біз өнеркәсіптік тоңазытқыштарды, плиталарды орнаттық және қараша айында вахтамен еңбек етушілерді ыстық тамақпен қамтамасыз еттік. 2003 жылға дейін 22 алаңда жұмыс істеді және тұрып жаттық. Сол жылы «Мұнайшы» вахталық кентінде жатақхана салынды. Ол жерде жұмысшыларды тезірек орналастыру үшін бізге көп жұмыс істеуге тура келді, апта бойы тәулікті тәулікке жалғап жүргеніміз есімде.

Нәтижесі де жақсы болды: «Қазақойл Ақтөбе» жұмысшыларға әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау жөнінен біздің облыстағы үздіктердің бірі болып саналады. Кәсіпорынның осы үлкен жетістігінде біздің де еңбегіміз бар екенін еш артық мақтанышсыз айта аламын.

Ерен еңбегі үшін

Эудард КУДАСОВ,

Орталық инженерлік-технологиялық қызметтің бастығы өзінің әріптестерімен бірге жаңа ұңғымаларды игерді, мұнай өндірудің механикаландырылған тәсіліне көшуді енгізді, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар арқылы жаңа техникалар мен технологияларды таңдады.

Оның мамандыққа деген белсенді ұмтылысы мен адал еңбегі жоғары бағаланды. Эдуард Кудасов үкіметтік наградаға ұсынылды. «Ерен еңбегі үшін» медалін оған ҚР Премьер-Министрінің өзі табыс етті.

— Көмірсутек шикізатын өндіру саласында 1996 жылдан бастап еңбек етемін. 2006 жылы «Қазақойл Ақтөбе» компаниясына келдім. Газды мұнай өндіру операторы, содан кейін мұнай және газ өндіру цехының шебері, Әлібекмола және Қожасай кен орындарының қабат қысымын ұстап тұру цехының бастығы болып еңбек еттім. 2009 жылдан бастап орталық инженерлік-техникалық қызмет бастығымын, — дейді ол. — Он сегіз жыл ішінде компанияда Әлібекмолдағы мұнай мен газды дайындау цехының және Қожасайдағы мұнай мен газды дайындау учаскесінің өндірістік қуатын кеңейту және ұлғайту бойынша көптеген ірі жобалар іске асырылды. Бастапқыда бірнеше ұңғымаларығана болған бұл екі кен орны ірі кәсіпшілікке айналды.

Тағылымды тәжірибе

Сынақ зертханасының инженер-зертханашысы Жанар ТАҒЫБЕРГЕНОВАНЫҢ мұнай саласындағы еңбек жолы 20 жыл бұрын басталған. Осы күрделі, бірақ қызықты мамандықты таңдауда оған осы салада жұмыс істеген анасы мен туыстарының үлгісі негіз болған екен.

Колледжді қызыл дипломмен бітіргеннен кейін ол қатаң іріктеуден өтіп, төртінші разрядты зертханашы ретінде жұмысқа қабылданды.

— 2001 жылдың маусым айында құрылған зертхана контейнерге орналастырылды. Жұмыс тәулік бойы қайнап жатты. Біз, жас мамандар, қиындықтарға қарамастан, аға буынның тәжірибесін қуанышпен қабылдадық, —дейді Жанар.—2010 жылдан бастап біздің зертхана аккредиттелген. Қазір ол 100 шаршы метрден асатын үлкен ғимаратта орналасқан. Мұнда заманауи жабдықтармен жабдықталған жарық, кең бөлмелер бар. Парафиндерді, көмірсутек құрамы мен күкіртсутектің, метил және этилмеркаптандардың құрамын анықтауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешендер (хроматографтар), күкірт және хлорорганикалық қосылыстардың анализаторлары, фракциялық құрамды анықтауға арналған заманауи автоматты аппараттар және басқа да заманауи қымбат тұратын аппараттар мен кешендер бар.

Тәулік ішінде мұнда нормативтік құжаттамаға және аккредиттеу саласына сәйкес күрделілігі бойынша екі жүзге жуық мұнай, су, мұнай өнімдері мен түрлі химиялық реагенттерге талдау жүргізіледі. Алынған тауарлық мұнай қолданыстағы стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес келеді.

Осы жылдар ішінде алған баға жетпес тәжірибем менің мансаптық өсуіме де ықпалын тигізді. Қазір мен магистр дәрежесі бар зертханалық инженермін. Жұмыс істеген жылдарымда жемісті еңбегімнің бағаланғаны шығар, «Қазақстан мұнайына — 125 жыл» медалін, ҚР Энергетика министрлігінің және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басшылығының грамоталарын алдым.

Қазіргіуақытташтатта 36 адам бар. Уақыт тез өтедіекен: енді мен өзбілімім мен тәжірибемдіжасәріптестерімеберудемін.

Үздік оператор

Өткен жылы «Мамандығы бойынша үздік» конкурсының жеңімпазы болыпорталық басқару тетігінің 6-шы разрядты операторы Айсұлтан КӨПЕНОВ танылды.

Конкурс жыл сайын өткізіледі және қазір дәстүрлі жағдайға айналды. Оның нәтижелері бойынша біліктілік тұрғысынан үздік қызметкер анықталады.

Білікті мамандардардан құралған қазылар алқасының шешімімен Айсұлтан «Технологиялық қондырғылардың операторы» номинациясында жеңімпаз атанды.

— Компаниядағы жас буынның өкілі ретінде конкурстағы жеңісімді білікті шеберлердің маған көрсеткені сенімі және алдағы уақытта өзімді дамыта түсуге ынталандыру деп білемін. Мен кәсіби шеберлік деңгейін сапалы түрде көтеру үшін барлық жағдай жасалған тұрақты даму үстіндегі компанияда жұмыс істеу бақытына ие болдым.

Мен бұл серіктестікке жұмысқа 2013 жылы келдім. Төрт жыл Қожасайда азот машинасының операторы болдым, содан кейін екі жыл Әлібекмолада жұмыс істедім. Мен қазір орталық басқару тетігінің алтыншы разрядты операторымын.

Мен мұнда он бірінші жыл жұмыс істеймін және бір нәрсені анық айта аламын — бұл нағыз ер азаматтардың жұмысы.

Біздің сенімді серіктесіміз

Мейрамбек БОҚАШЕВ,

Мұғалжар ауданы Батпақкөл селолық округінің әкімі

«Қазақойл Ақтөбе» өзінің жоғары әлеуметтік жауапкершілігін ұдайы ұстанып отырады. Өткен жылы ұлттық мерекеміз — Республика күні қарсаңында кәсіпорынның демеушілік көмегі арқасында Жаркемер селосының тұрғындарына табиғи көгілдір отын игілігін көру мүмкіндігі туды.

Қазіргі уақытта Жаркемердегі 16 үйде 81 адам тұрады.

Әрине, газ желісіне қосу біздің ауылдың дамуына жаңа серпін береді. Біз «Қазақойл Ақтөбе» компаниясын демеушілік көмек көрсеткені үшін бағалаймыз, онсыз газ игілігін пайдалану жұмыстарын жүргізу мүмкін болмас еді немесе белгісіз уақытқа созылатын еді.

Жаркемерге де осы ЖШС көмегі нәтижесінде сапалы ауыз су жеткізілді. Кәсіпорын техниканы тегін ұсынды және әр үйге су құбырын жеткізуге көмектесті. Мұнайшылар сондай-ақ өскелең және аға буынға ерекше көңіл бөледі.

Менің жерлестеріме ұнайтын және ілгері ұмтылуға жетелейтін бір нәрсе бар, өйткені олардың алдында әлеуметтік жауапты қызметкердің лайықты үлгісі тартылған. Біздің мектеп түлектерінің көпшілігі осындай озық компанияда жұмыс істеуді армандайды. Айтпақшы, тиісті дағдылары мен біліктілігі бар округтің он тұрғыны «Қазақойл Ақтөбеде» еңбек етуде.

Батпақкөл ауылдық округі тұрғындарының атынан, бұл екі мың екі жүзден астам адам, біздің үлкен, сенімді, лайықты кәсіпорнымызды, ұжым мүшелерін 25 жылдығымен құттықтаймын. Сіздерге сәттілік және өркендеу тілейміз.

Көгілдір отын тұрғындарға қызмет етеді

2012 жылдың 9 желтоқсанында кәсіпорын үшін маңызды оқиға болды. Елді индустрияландыру күні аясында компанияда жаңа газ өңдеу зауыты іске қосылды. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен республикалық телекөпір барысында газды кәдеге жарату кешенінің ашылу салтанаты бүкіл республика бойынша көрсетілді.

Бұл тек жеңіс қана емес, сонымен қатар жас және дамушы компанияның тағы бір жетістігі болды. Зауыттың іске қосылуымен мұнай ілеспе газды толық өңдеу және кәдеге жарату, атмосфераға зиянды қалдық шығарындыларды азайту, экологиялық жағдайды жақсарту және халықты тауарлық газбен қамтамасыз ету сияқты маңызды міндеттер шешілді.

Мейірім мен қамқорлық

— Қайырымдылық және демеушілік — «Қазақойл Ақтөбе» іске асыратын әлеуметтік бағдарламаның басым міндеттері. ЖШС халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне үнемі демеушілік көмек көрсетеді, — деп атап өтті бізбен әңгімесінде компания қызметкерлерінің бірі. — Біздің ұжым мүшелері жетім балаларды қолдауға, олардың өз тұрғын үйлерін сатып алу үшін «Отбасы банкіндегі» шоттарында жинақ құруға арналған «Мейірім» бағдарламасын қолдайды.

ЖШС кен орындарына жақын аудандарды қолдауға ерекше назар аударылады. Жыл сайын біздің жер қойнауын пайдалану аумағында тұратын балалар үшін балаларды қорғау күніне арналған сыйлықтар, мектеп керек-жарақтары, жаңа жылға арналған тәтті қорапшалары сатып алынады. Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуді, сондай-ақ дарынды жастар талпынысын қолдаймыз.

Ақтөбе облысының әкімдігімен өзара түсіністік туралы меморандумдар шеңберінде Ақтөбеде де, сондай-ақ Мұғалжар және Байғанин аудандарында да әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы қаржыландырылады. Біздің компанияның демеушілік көмегінің арқасында Жем қаласында балабақша ашылды, Ембі өзені арқылы көпір салынды, Саға және Шеңгелши ауылдарында байланысты күшейту үшін мұнара тұрғызылды.

Деректерге көз салсақ…

* «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС — Ақтөбе облысының мұнай өндіру секторының ірі компаниясы, ол мұнай өндіру, әлеуметтік және корпоративтік жауапкершілік саласындағы көшбасшылардың бірі ретінде беделге ие.

Компания екі мұнай-газ конденсатты кен орындарын — Әлібекмола мен Қожасайды игерумен айналысады. 

* ЖШС жыл сайын экология, энергия менеджменті және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігін нақтылап отырады.

* Кәсіпорынның сапасы мен сенімділігі уақытпен дәлелденді, бұған жоғары отандық және халықаралық марапаттар берілуі дәлел. 2009 жылы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық конкурсында компания «Үздік ұжымдық шарт» номинациясын алды, 2021 жылы осы конкурста «Үздік әлеуметтік-жауапты кәсіпорын» атанды.

* 2017 жылы қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша сенім сертификатын алды.

 

Ләззат ЕГІБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button