Әдебиет

«Ту­ған ұлтының мүддесін бәрінен биік қойды»

Сара Мыңжасарованың туғанына — 100 жыл

Қазақ әдебиетіндегі роман жазған тұңғыш әйел жазушы, халқымыздың қайраткер қызы Сара Мыңжасарованың туғанына биыл 100 жыл толады.

Ол 1924 жылы 29 қазанда Шалқар ауданында Қарашоқат деген жерде дүниеге келген. Ақтөбедегі Н.Байғанин атындағы мұғалімдер институтын, одан соң республикалық партия мектебінің аудармашылар бөлімін бітірген. Еңбек жолын Шалқар аудандық комсомол комитетінің мектеп жұмысы жөніндегі хатшысы болып бастаған.

Сара Мыңжасарованың шығармашылығынан бөлек, қайраткерлік тұлғасы да —үлгі-өнегеге толы, талай тұста қиыннан қиыстырып жол тапқан, кейінгі ұрпақ ұмытпауға тиіс ерекше бір әлем. Бүгін оқырмандарымызға Сара Мыңжасарованың өмірініңҚазақ КСР Байланыс министрлігінің мерзімді баспасөзді тарату басқармасының баспасөзге жазылу бөлімінде басшылық еткен кезеңінен(1970-1973 жылдар) естеліктер ұсынып отырмыз.

Мағира Қожахметованың естелігі «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан«Қазақтың тұңғыш романист қызы» атты мақаласынан алынса, албайланыс саласының ардагері, белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің жары — Жұмагүл апай Сара Мыңжасарованың ғасырлық мерейтойына орай жазған естелігін біздің газетімізге арнайы жолдапты.

… 1971 жылы орталық партия ко­митетінің ұсынысы бойынша Байланыс министрлігінің баспасөз тарату бөлімінің бастығы болып тағайындалады. Осы кезеңде Сара Рахманқызы қазақ ті­ліндегі газет, журналдардың, жа­рық көретін кітаптардың кең та­ралуына өлшеусіз үлес қосты. Ұлтын сүйген жүрек қалауының арқасында 1970-1982 жылдары 15 миллион Қазақстан халқына шаққанда 19 миллион дана газет-журнал таратуға қол жеткізілді. Орыс әріптестеріне «қа­зақ

кі­тап­тары өтпейді»деген сөз­ді қой­дырғанда өз іеді. Орысша жа­­зып, сөйлегенде, алдына жан сал­­майтын Сара Мыңжасарова:«Орыс баспасөзіне қауіп жоқ, сендер қазақ баспасөзін сол дәрежеге жет­кізуге міндеттісіңдер, сендер осы орында отырғанда, қа­зақ бас­па­сөзінің жолына кесе-көл­денең жатқандарыңда, қазақ

ба­сылым­дарының таралымы өс­пейді, қане, дереу іске кірі­сіңдер»— деп қатты

ай­тудан сес­кенбеді.

Мұндай ойларын «Казахстан­ская правда»газетінде еңбек еткен ке­зеңде де ашық білдіретін. Бірде редак­цияда қазақша шығатын кітап­тардың таралымы сөз болып, партия ұйымының хатшысы Белоусов деген«қазақша кітаптар өтпей­ді, үкіметке зиян шектіруде» дегенде, сөз алып: «Сендер осы га­зеттің ұлттық республикада шы­ғып жатқанын ұмыттыңдарма?..»деп, небір анық-қанық дәлелдерді келтіргенде, бәрі кешірім сұрап, амалсыздан бұл мәселені күнтәр­тібінен алып тастағаны бар. 1992 жылы Солженицынның Қа­зақстанның солтүстік аймақта­рын Ресейдікі деп жазғанына орыс переселендерінің алғаш қай жылы келгенін, оған дейін кім­­­нің иелігінде болғанын талдап, сауаттылықпен Жазушылар ода­ғында өткен жиында қалай тойтарыс бергені де есімізде.

…Керемет білімді еді Сара апа­мыз. Екі тілде бірдей жазды. Ту­ған ұлтының мүддесін бәрінен биік қойды. Шешендігі өз алдына, қан­дайда мәселенің

бүге-шігесін түсіндіргенде, қайран қалатынбыз. Ақын­дығы қандай еді, бірақ

өлең­дерін жариялауға ықылас танытпады. Аударма са­ла­сында бір­шама еңбектенді. Жас­­тайынан ән­шілігімен, қай­­рат­керлігімен, ұйым­дастырушы­лық қабілетімен көзге түскені­мен, атақ, мансап қумады, шы­ғар­ма­­шылықты қалады. Өздәуі­рі­ніңтамыршысыболып, заман­­дас­тарыныңжандүниесінетереңүңі­лебілді. Мақала, очерк, фелье­тон, суреттемелерімен, ең ба­с­­тысы—сүбелі романдарымен оқыр­­ман­дары­ның ілтипатына бө­ленді.

 

Мағира ҚОЖАХМЕТОВА.

(«Қазақтың тұңғыш романист қызы» атты мақаласынан)

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button