Әдебиет

Әдеби кеш өтті

Поэзия кеші

Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жаз өтті, жапырақ тоналды…» атты поэзия кеші өтті.

Іс-шараға қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мұрат Құлбергенов, жастар ресурстық орталығының мамандары, ақындар және поэзия сүйер жастар қатысты. Жастардың шығармашылығын дамытып, поэзия мен көркем тілге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында өткен поэзия кешіне жас ақындар өз  өлеңдерін оқып, әндер шырқалды.

— Поэзия адам жанын жақсылыққа, ізгілікке, сұлулыққа тәрбиелейді. Ол — әр адамға күш-қайрат, рух беретін өзгеше бір әлем. Өз басым солай түсінемін. Бүгінгі кеште жастардың қатары көп. Бұл, әрине, қуантады. Жас таланттар мен оқырмандардың, әдебиеттегі аға буын мен жас толқынның ұрпақ сабақтастығын жалғау мақсатында өтетін осындай әдеби кештер жиі болса деймін. Жас ақындардың қабілеттерін шыңдап, заман талабына сай поэзияның негізін бірлесе қалау —басты міндетіміз, — деді ақтөбелік жас ақын Дәурен Тілеухан.

Сондай-ақ іс-шарада көрермендер арасынан суырылып шығып,өзшығармашылығынан өлең, әңгіме оқып, ән айтқандарда да болды. Кеш соңында өнері көрерменнің көңілінен шыққан жастарға арнайы сыйлықтар мен марапаттар табысталды.

 Айдана АЛТЫБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button