Экономика

Қаржылық қауіпсіздік — оңтайлы қор

Қаржы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті ұсынып келе жатқан қаржы және қор нарықтарының негіздері  туралы кезекті мақаланы жариялап отырмыз.

Ақшалай «қауіпсіздік жастығы» кез келген жақсы автомобильдегі сияқты, әр адамға қажет. Әрқайсысының негізгі мәні – жолда болсын, сол сияқты  күтпеген қаржы  қиындықтары туындаған  кезде, қауіп-қатерден сақтау.

Ақшалай «қауіпсіздік жастығы» деп отырғанымыз — сіздің жеке тұрақты қорыңыз деген сөз, яғни  бұрын «қиын күндерге» деп аталған қор, бірақ  ол тіпті де  пессимист емес.

Қаржылық қауіпсіздік дегеніміз  ­­­–  ертеңгі күнге деген сенімділік, табыс болмаған күнде де бірнеше ай бойы өмір сүру мүмкіндігі, яғни кез келген күтпеген жағдайлардан қорғану кепілдігі.

Сіздің қаржы жағынан қорғалуыңыздың, яғни ақшалай «қауіпсіздік жастығының» көптеген тиімді жақтары бар: сіз дағдарысқа төтеп бере аласыз, өзіңіздің   қорғалғандығыңызды сезінесіз, кез келген жағдайға дайын боласыз. Оған қоса, ол сізге  жағдайыңызды  түзеп,  аяғыңызға қайта  тұрғанша өмір ағынынан қалмауға көмек береді.

Мына бір жағдайды көз алдыңызға келтіріңізші: бір адамның кенеттен машинасы сынып қалды дейік. Тез арада біраз ақша қажет болды. Оны қайдан алуға болады?  Оның бірнеше жолы бар:

1.      Банктен кредит алу. Бірақ бұл адамның жұмысы болмаса немесе  оның тұрақты табыс көзі болмаса, жағдайдың қиындап кетуі мүмкін. Әрине, жұмысыңыз  болса да кредитті қайтара  отырып, сіз артық төлейсіз және  нәтижесінде  машинаға деген шығыныңыз одан да көп болып шыға келеді.

2.      Дос-жарандардан, туыстардан ақшаны қарызға алу. Алайда, бұл  олармен арадағы жеке қарым-қатынастардың нашарлап кетуіне әсер етуі мүмкін.

Ең дұрысы, ешкімнен қарызға ақша алмай, өте қажет мұқтаждарға жұмсай отырып,  тұрақты, орны  толтырылатын, белгілі соманың қоры болғаны.  Таңқаларлық жайт, бірақ көптеген адамдар осындай қаржылық «қауіпсіздік жастығым» бар деп мақтана алмайды. Өте қарапайым бір тест бар — төмендегі сұрақтарға адал жауап беруге  тырысыңыз:

– Ағымдағы жағдайдағы менің ай сайынғы шығыстарым __________ теңге.

– Қазіргі кезде мен ___________ теңге мөлшерінде  қаражатты  сақтап  қойдым.

– Бұл сома менің  _________ айдағы шығыстарымды  жаба алады.

Осы тест нәтижесі өмір «тосын сый» ретінде әкелуі мүмкін өзгерістерге сіздің қаншалықты дайын екендігіңізді көрсетеді. Тест нәтижесі бойынша сіздің жинақ ақшаңыз болжанбаған жағдай бола қалғанда, әдеттегі өмір сүру қалпыңызда бірнеше айға жетсе, әрине, жақсы.  Ал, егер сіздің  тіпті де жинақ ақшаңыз болмай, жалақыдан  жалақыға дейін өмір сүріп жүрген жайыңыз болса  – бәрінен де қиыны осы. Бұл жағдайда, кейіннен бармақ  тістегенше, осы қазірден бастап  өз болашағыңызды  сақтандыруға  кірісуіңіз қажет.

Ол үшін не қажет:

1.      Ай сайын жұмсайтын ақшаңыздың сомасын анықтаңыз. Егер сіздің отбасыңыз болса, барлық отбасының шығысын ескеріңіз. Сіздің жинақ ақшаңыздың ең аз сомасы айлық шығынның жалпы сомасына тең келуі тиіс. Қандай сома сіздің тұрақтандыру қорыңыз болатындығын анықтау үшін, сіз бүгінгі жұмысыңыздан айрылып қалсаңыз жаңа жұмысты немесе басқа табыс көзін қанша уақыт іздейтіндігіңізді түсінуіңіз қажет. Егер ол бір айдан кейін бола қалса, мен сізді  құттықтаймын – сіздің резервіңіздің сомасы  айлық шығындарыңызға тең  болады. Егер одан көп болса,  болжанып отырған іздестіруге кететін уақыт мөлшерін ай сайынғы  шығындар сомасына  бөліңіз.

2.      Ай сайын өзіңіздің «резервтік қорыңызға» белгілі бір соманы жинақтауды бастаңыз. Иә-иә, әр кітапта айтылып жүрген «миллионер болуға» қажетті   табыстың сол 10%-ы.

Әрине, біздің мақсатымыз басқа, бірақ бұл осы ереженің  тиімділігін  жоққа шығармайды. Бұл ретте «қауіпсіздік жастығын» толықтыру мен нығайтуды  автоматты түрге келтіру  керек: сізде ақша пайда бола қалды дейік – 10 %-ын шотқа салыңыз. Біріншіден, бұл тәртіпке салады, екіншіден «резерв» толығып отырады.

3.      Бұл ақшаны жұмсамаңыз! Сіздің баяғыдан көзіңіз түсіп  жүрген телефон  моделі 50 %-дық жеңілдікпен сатылып жатса да, ертең мереке  болып, сіздің киер киіміңіз болмай жатса да – бұл ақшаны  жұмсамаңыз! Бұл, сіз ақшаны жинақтап, сақтап жүрген  шұғыл жағдайлар емес. Барлық өзге мұқтаждарға «жинақ қобдишаға» қарамай, басқа  қаражатты табуға тырысыңыз.

4.      Өз қаражатыңызды дұрыс салуға тырысыңыз. Егер ақша «жұмыс істемей», яғни үйде жай жатса, оның құнсызданатыны белгілі жайт. Инфляция есебінен, сіз өз ақшаңызды, оларға қол тигізбесеңіз де  жоғалтасыз. Ең дұрысы, ақшаны банкке депозитке салып қою. Біріншіден, бұл сенімдірек, екіншіден, пайдасы аз болса да, инфляциядан қорғайды, үшіншіден, ақшаны әрқашан шартты бұзған күні қайта алуға болады. Егер ақша шұғыл қажет болса, соңғы жайт әсіресе маңызды.

5.      Жазатайым жағдай бола қалғанда, қаржы шығыстарын жабу үшін жинақталған сома жеткілікті болады-ау дегенге дейін ақшаңызды  жинаңыз. Оған қоса, сіз ақшаны жинай отырып, өз салымдарыңызды автоматты түрде көбейтесіз. Айтпақшы, бұдан әрі осы ақша сіздің болашақ бизнесіңіз үшін де және ипотекаға арналған бастапқы жарнаңыз үшін де алғашқы капиталыңыз болуы мүмкін. Ал кейбір адамдар акциялар, облигациялар, ИПҚ және басқа қаржы құралдары сияқты анағұрлым кірісті инвестицияларға ақшаның бір бөлігін салуды шешер. Бірақ осы  құралдардың  әрқайсысы әкелетін тәуекелдер  туралы да ұмытпаңыз.

Жалпы алғанда, осы ақшаны тиімді салудың жолын ойлап табу тәсілі  көп-ақ. Бастысы, осы жинақ ақшаның бастапқы мақсаты туралы ұмытпау қажет. Бұл сіздің қауіпсіздігіңіздің, оның ішінде  қаржылық қауіпсіздігіңіздің кепілі.

А.ӘДІЛОВ.

 

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. Сәлеметсіз Бе,

    Мартин Қарыз инвестициялар Біз, кез келген сомаларды несие, ұзағырақ өтеу шарттарын ұйымдастыру маманданған. Кредиторлар Қаржы Қарыз қызмет ұсыныс Бизнес несие, Басты несие, жеке несие, автонесие, Студенттік несие, Dept. шоғырландыру, Қарыз Бизнес бастау үшін. Сіз қаржыландыру үшін шағын немесе үлкен жобаны бар ма? дейін және бизнес кеңейту, барлық кредиттік түрлерін үміткерлер үшін 3% сыйақы ставкасы бойынша Жылжымайтын мүлік және Ипотека.
     
    Мартин Қарыз инвестициялар Біз ең төменгі несие ставкаларын бірін ұсынамыз және біздің қызмет көрсету тез және стресс тегін болып табылады. Біздің Priority сіздің толық қанағаттандыру! Біздің мақсатымыз сіз басынан бастап қорытындыға біз қамтамасыз қызметті пайдалану болып табылады. Қарыз үшін Мүдделі жаңа өтініш беруші [loanmarkerting1@gmail.com] Әкімшілік директоры Қосымша ақпарат кезінде хабарласуы керек.

    қазір сіздің шұғыл пошта үшін күтіп.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button