Ресми

«Қазақстан Республикасының резиденттігін растау»

Қазақстан Республикасы резиденттігін растау» мемлекеттік қызмет көрсету 2020 жылдың 10 шілдесіндегі №665  Бұйрығына сәйкес өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, ҚР Салық кодексінің  218-бабы бойынша резидент Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте қызметін жүзеге асырған жағдайда, тиісті халықаралық шарттың талаптарын орындаған кезде резидент көрсетілген мемлекетте осындай халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.Халықаралық шартты қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге де мақсаттарда тұлға Қазақстан Республикасының резиденттігін растау  тұлға тұрған, болатын (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттікті растауға арналған салықтық өтінішті ұсынады.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы;

3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы  арқылы жүзеге асырылады.

Ақпараттық жүйеге ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісін анықтаған кезде салықтық өтініш түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өңделіп беріледі.

Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз тасымалдағышта мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Қызмет порталы арқылы байланысқан жағдайда, алушыға ұсынуға сұраныстың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік корпорация қызметкерлері жеке қабылдауда алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және қабылданған құжаттарды қабылдайды және қабылданған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

Ақтөбе облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button