Білім

Сандарды сөйлеткен сабақ

Ақтөбе қаласындағы №9 «Бәйшешек» мектепке дейінгі ұйымында «Ойнайық та, ойлайық» тақырыбында танымдық сабақ өтті.

Сабаққа балабақшаның «Қарлығаш» ересектер тобының тәрбиеленушілері қатысты. Бүлдіршіндер сабақ барысында қарапайым математикалық ұғымдарды ойша қалыптастыруға тырысты. Атап айтқанда, жыл мезгілін, апта күндерін рет-ретімен атай білу, сурет бойынша санамақ құрып, санның реттік қатарын табу секілді тапсырмаларды орындады.

Балабақша меңгерушісі Шолпан Жүсіпова танымдық сабақты кәсіби шеберлікпен  өткізген «Қарлығаш» тобының тәрбиешісі Венера Қасанғалиеваға және сабақта белсенділік танытқан топ тәрбиеленушілеріне алғысын білдірді.

 

Арайлым НҰРБАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button