Жаңалықтар

Жалпыға бірдей декларациялау

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «кіру» декларациясын мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынды.
Екінші кезеңде, 2023 жылы мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырды.
Үшінші кезеңде, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады.
2024.08.16. жағдай бойынша жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңінің қорытындысы бойынша бастапқы декларацияны (250 – нысан) – 61 965 жеке тұлға ұсынды.
Төртінші кезеңде, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – азаматтардың қалған санаттары (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар) ұсынылады.
Декларацияда қандай мәліметтерді көрсету қажет?
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі барлық азаматтардың жеке тұлғаның барлық шетелдік активтерін, жылжымалы, жылжымайтын мүлкін көрсететін активтері мен міндеттемелері туралы декларация беруінен тұрады.
Соның ішінде:
• шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;
• шетелдік банктегі ақша 3,5 млн теңгеден жоғары (1 000 АЕК);
• шетелдік компаниядағы қатысу үлесі;
• бағалы қағаздар, сандық активтер (биткоиндер және т. б.);
• үлестік қатысу шарты (тұрғын ғимараттағы үлесі);
• инвестициялық алтын (құйма алтын);
• зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;
• 34,5 млн. теңге (10 000 АЕК ) шегінде қолма-қол ақша;
• басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған қарыз шарттары.
• басқа мүлік (қалауы бойынша) бірлігі үшін құны 3,5 млн. теңгеден (1 000 АЕК) асатын құнды мүлікті (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және т. б.) көрсете алады – бағалауды 31.12.2023 ж. жағдай бойынша декларацияны тапсыру мерзіміне дейін (2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей) жасау қажет.
Кейіннен жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) ұсынылады, онда мүлікті Қазақстанда да, шетелде де сатып алу не иеліктен шығару туралы мәліметтер, сондай-ақ оларды сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері көрсетіледі.

Декларацияны ұсыну тәсілдері мен мерзімі?

Декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет. Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті», «Электрондық үкімет», «Е-salyqazamat», «Kaspi Bank», «Halyk», «Bank Centercredit» мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады.
Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз жеткізгіште пошта арқылы не келу тәртібімен ұсынуға құқылы.

Жеке тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі

Декларацияны бірінші рет ұсынбағаны үшін ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 51 750 теңге (15 АЕК) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Декларацияда толық емес, анық емес мәліметтерді бірінші рет ұсынғаны үшін – ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 10 350 теңге (3 АЕК) мөлшерінде айыппұл (ӘҚБтК 272-бабы).
Салық салу объектілерін жасырғаны үшін жыл ішінде алғаш рет– төленбеген салықтар сомасынан 200% айыппұл, қайталап бұзғаны үшін-300% мөлшерінде айыппұл (ӘҚБтК 275-бабы) қарастырылған.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button