Жаңалықтар

Үшем дүниеге келді

Қуаныш

Қандыағаш қаласының 34 жастағы тұрғыны Гүлсая Қалжанова өмірге үшем әкелді.

Балалардың есімі — Хамза, Ибраhим, Ахмад. Үшеуінің де денсаулығы қалыпты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлер  ананы кесарь тілігі арқылы босандырып алған.

— Балалардың денсаулығы жақсы. Ибрахим — 2 985 грамм, ал Хамза мен Ахмад 2 435 грамм болып өмірге келді. Бұл отбасының бұған дейін төрт баласы бар. Енді үшем келіп, жеті баланың ата-анасы атанып отыр. Бір апта бойы балалар дәрігерлердің бақылауында болды, — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Ал кеше Гүлсая Қалжанованы туыстары  облыстық перинаталдық орталықтан шығарып алды.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button