Жаңалықтар

Құрылысы ұзаққа созылған нысандар пайдалануға беріліп жатыр

Брифинг

Жыл басында облыс орталығында құрылысы ұзаққа созылған 12 нысан болса, қазір соның төртеуі пайдалануға берілді. Ал 3 объект бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ақтөбе облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының өткен алты айда атқарған жұмысына қатысты брифингте айтылды. 

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аталған басқарманың бөлім басшысы Серік Әбдірешов  алғашқы жартыжылдықта басқарма тарапынан жоспардан тыс 18 тексеріс жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша 11 ұйғарым берілгенін айтты. Сондай-ақ есепті кезеңде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы бұзушылықтарға байланысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 143 хаттама толтырылған, 35 020 955 теңге сомасында айыппұл салынған. Айыппұлды өндіру көрсеткіші — 86 пайыз. Сонымен қатар әкімшілік жауапкершілікке 53құрылыс салушы, 6 жобалау ұйымы, 24 мердігер ұйым, техникалық қадағалау қызметтерін жүзеге асыру бойынша 5 аккредиттелген ұйым, 2 сараптама ұйымы тартылды.

Қазіргі таңда басқарма сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында электронды үкімет порталы арқылы 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері  салада лицензиялық қызметті жүзеге асыруға,  жұмыстардың қосымша түрлеріналуға, қайта рәсімдеуге және енгізуге қатысты 96 өтініш түсті. Соның 81-і қайта рәсімделді. Сонмен қатар сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын, сарапшыларды аттестациялау бойынша  88 арыз түсті. Жалпы 25 аттестат берілді, — деді Серік Әбдірешов.

Оның айтуынша, басқарма коммерциялық мақсаттағы құрылысы ұзаққа созылған объектілерде құрылыс-монтаждау жұмыстарының қайта басталуын бақылайды.

— Жыл басынан бері Ақтөбе қаласының аумағында құрылысы ұзаққа созылған 12 нысан болды. Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша4 нысан пайдалануға берілді. Олардың қатарында Есет батыр тұрғын алабындағы 320 орындық балабақша, «Арайлы» тұрғын үй кешенінде көпфункционалды тұрғын үй, «Космос» тұрғын үй кешеніндегі көппәтерлі тұрғын үй құрылыстары бар. Сонымен қатар бұл бағытта 3 нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның бірі іске қосу сатысында тұрса, Қонаев көшесі бойындағы автоқызмет кешенінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деді спикер.

Брифингте басқарма өкіліне журналистер тарапынан қойылған сауалға нақты жауаптар берілді.

 Арайлым НҰРБАЕВА. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button