ЖастарМереке

Ақтөбеде «Менің елім – менің туым» акциясы басталды

Республика күні қарсаңында Amanat партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері еліміз бойынша 10 мыңға жуық туды ілуді жоспарлап отыр. Елімізде үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан «Менің елім – менің туым» акциясына ақтөбеліктер белсенді атсалысуда.

Баршаға белгілі, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларация қабылданып, ол Тәуелсіздікке бастар маңызды алғашқы қадам болды.
-Қысқа уақыт ішінде «Менің елім – менің туым» акциясы дәстүрге айналып үлгерді. Біз туды ілу арқылы тек отаншылдық сезімді көрсетіп қана қоймай, азаматтардың ортақ ұлттық құндылықтар төңірегіндегі бірлігін көрсеткіміз келеді. Мәселен, тек Ақтөбе қаласының өзінде жүздеген Қазақстан туын ілуді жоспарлап отырмыз, – деді «Жастар Рухы» ЖҚ Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы Әлішер Тыныштық.
Айта кету керек, акцияға тек жастар қанатының белсенділері ғана емес, қарапайым тұрғындар да қатысуда. Олар туды үйлеріне, қоғамдық орындарға іліп, тіпті көліктерін де безендіруде. Кәсіпкерлер де шет қалмай, мемлекеттік туды дүкендеріне, мейрамханаларына, цехтары мен шаруа қожалықтарына орнатып жатыр.

Меңтай Бектұрсынова

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button