Білім

Бүгінгі студент —ертеңгі мұғалім

Семинар

Алған білімді практикада ұштастырудың маңызы зор. Осы мақсатта мектебіміз жоғары оқу орны және колледждермен бірлесіп, семинар-практикумдар, конференциялар өткізіп тұрады. Практикалық тәжірибеден өтуге келген Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 3-курс студенттеріне «Жаңартылған білім мазмұнындағы оқу мақсаттары» тақырыбында семинар өтті. Семинарда сабақ мақсатын шығару, қысқа мерзімді жоспармен жұмыс жасау сияқты оқу процесі барысында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдер туралы айтылды.

Ә.Молдағұлова атындағы жоғары гуманитарлық колледж студенттеріне жаңартылған білім мазмұнына сәйкес сабақтағы тиімді әдіс-тәсілдерден лайфхактар көрсетіліп, түрлі платформалармен жұмыс жасаудың жолдары туралы айтылды.

Бүгінгі студент — ертеңгі мұғалім. Сол себепті жас маманға бағыт берерде сабақты түрлендірудің тәсілдері, баламен жұмыс жасаудың жолдарына қатысты ақыл-кеңестер беріліп отырса, жақсы маман қалыптасары сөзсіз.

Алтын ҒАБДЕШЕВА,

Индира ЕЛУБАЙ,

№30 қазақ орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button