Білім

Түлектер нені білуге тиіс?

ҰБТ

Мектеп бітіруші түлектер ұлттық бірыңғай тест емтиханын тапсырады. Тестке дайындалудың тиімді жолдары қандай әрі сынақ алдындағы мазасызданудан қалай арылуға болады?

Ұлттық бірыңғай тест тапсыратын түлектер үшіндайындық орны өте ыңғайлы әрі  тыныш болуы керек.Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар, мата қиындысы болғаны дұрыс. Өйткені ол ми белсенділігін арттырады екен. Емтиханға дайындалған кезде күн тәртібін белгілеп алған жөн. Тестке күніне 8 сағат дайындық жеткілікті. Ол үшін 2 сағат дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін денешынықтырумен (гимнастикалық жаттығулармен) кезектестіру керек.Спортпен айналысуға, таза ауада серуендеуге, үй шаруасымен шұғылдануды да ұмыт қалдыруға болмайды. Уақтылы ұйықтап, тыныққан дұрыс.

ҰБТ тапсырушыға туған-туыстардың барынша қолғабыс көрсеткені абзал.

Тест алдында немесе емтихан тапсыру кезінде мазасыздану — қалыпты жағдай. Ең бастысы, уайымдамаңыз. Адамның ішкі жағдайы, көңіл күйіөзгермелі, депрессия мен мазасыздану күйлері міндетті түрде өтіп кететінінеәр уақытта сенуіңіз керек.Таныстарыңыздың, достарыңыздың арасында әңгімелесу кезінде бейтарап,өзіңізге қатысы жоқ тақырыпта сөйлескен жөн. Өз мәселелеріңіз туралыкөп ойламауға тырысыңыз. «Менің алдымда тұрған барлық проблеманы шешуге шамам келеді» дегенұстаным алға жетелейтінін ұмытпаңыз.

Меруерт ӘЛИЕВА,

№78 мектеп-гимназияның 11-сынып жетекшісі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button