Білім

Ақылды қосымша

Оқушы жетістігі

Ақтөбе қаласындағы Ұ.Құлымбетов атындағы № 64 мектептің 10-сынып оқушысы Тұмар Смағұл оқушыға қауіп төнгенде құзырлы органдарға хабарлайтын «NazarAi» қосымшасын ойлап тапты.

«NazarAi» қосымшасы бейнекамера материалдарын жасанды интеллект арқылы өңдейді, яғни адамды тану, адам әрекетін модельдеу, қауіпті сәтте шұғыл хабарлау секілді жұмыстарды «істейді». Бұл қосымшаның бірнеше қызметтері бар.Соның бірі — мектепке келген оқушылардың бейнекамерадағы кескінін тану және оқушылардың мектепке келгенін сол сәтте автоматты түрде ата-аналарына «хабарлау». Хабарламада оқушының суреті, аты-жөні, келген уақыты көрсетіледі.

Қосымшаның тағы бір қызметі—  қауіпті сәтті анықтау. Оқушыға қауіп-қатер төнген сәтте (мысалы, лаңкестер тарапынан қорқыту, қыспаққа алу, мәжбүрлі қолын көтеру сәттері) жәбірленуші екі қолын көтерсе, жасанды интеллект бейнедегі адам әрекетінің компьютерлік моделін құрастырады. Осылайша адам қолы, буындарының бұрыш градустары арқылы есептеулер жүргізіп, адамға қауіп төнгенін анықтайды. Бұдан соң жасанды интелект қосымша адам бейнесіне скрин жасап, нәтижесін сақтайды және сол адамға қауіп төнген ақпаратты «Дабыл» атты телеграм каналына жібереді. Мұнда ішкі істер органдарының арнайы бөлімі тіркелген. Бұл каналдың мақсаты —мектепте болған қауіпті жылдам құзырлы органдарға жеткізу.

Тұмар бұл жобаны жетекшісі Ербол Қуанышұлымен ары қарай жалғастырып, тағы да мүмкіндіктерін зерттеп көрмек.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button