Білім

Курс танымымызды кеңейтті

Біліктілік

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Ақтөбе филиалында «Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру» тақырыбында қала мектептері және Қобда, Мәртөк, Ырғыз аудандарының білім беру ұйымдарының бастауыш сынып педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Бұл курсқа жан-жақтан білікті, өз маманын жетік меңгерген ұстаздар жиналды.

Аталған курста ұлттық құндылықтар — Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және басқа да қазіргі күннің өзекті тақырыптары кеңінен қозғалды.

Бастауыш мектепте рухани жетілу тақырыбында сынып сағаттарын өткізу балалардың бойында белгілі бір моральдық принциптер мен этикалық негіздердің маңыздылығын түсінуді қалыптастырудың пайдалы және тиімді әдісі бола алады.

Жалпы курста педагогтер өз тәжірбиелерін ортаға сала отырып, жан-жақты талқылау, пікір алысуға құрылған семинар өткізді.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Күләйім Рахатова осындай игі шараның ұйымдастырушысы болды.

Дина ДӘЛЕЛХАН,

Терісаққан орта мектебінің мұғалімі,

Қобда ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button