Билік

Тағайындаулар

Облыс әкімі А. Мұхамбетовтің 2011 жылғы 19 қазандағы өкімімен Зәпен Жақсыбайқызы Жұмабаева облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Зәпен Жақсыбайқызы ЖҰМАБАЕВА

 

1960 жылы дүниеге келген. Ақтөбе педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1977 жылы Шалқар қаласындағы №439 орта мектепте аға пионер вожатыйы болып бастап, Қазақстан ЛКЖО Шалқар аудандық комитетінің мектеп бөлімінің меңгерушісі, Шалқар аудандық партия комитетінің идеология бөлімінің нұсқаушысы, Шалқар ауданы әкімінің орынбасары қызметтерінде болды.

2010 жылдың қазан айынан аймақтық мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін көтеру орталығының директоры болып еңбек етті.

 

* * *

Ахат Ахметұлы Мырзалин құрметті еңбек демалысына шығуына байланысты облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы қызметінен босатылды.

 

ТАҒАЙЫНДАУ

 

Облыс әкімі А. Мұхамбетовтің 2011 жылғы 24 қазандағы өкімімен Гүлайым Тельманқызы Төлебаева облыстық тілдерді дамыту  басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Гүлайым Тельманқызы ТӨЛЕБАЕВА

1961 жылы дүниеге келген. Ақтөбе педагогика институтын неміс тілі мамандығы бойынша тәмамдаған.

Алғашқы еңбек жолын 1978 жылы Ойыл аудандық толық емес орта мектебінде мұғалім болып бастаған.

Әр жылдары Ойыл орыс орта мектебінің кластан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушысы, Ойыл аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, облыстық білім басқармасының аға маманы, бас маманы, облыс әкімі аппаратының жалпы құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, облыстық тілдерді дамыту басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

2004 жылғы тамыз айынан бастап облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы, бастықтың орынбасары.

 

* * *

Ғалымжан Жарылқағанұлы Төреханов басқа қызметке ауысуына байланысты облыстық тілдерді дамыту басқармасы бастығы қызметінен босатылды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button