Жеңіс

Батырлар рухына тағзым

Жеңіс күнінде ырғыздықтар Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Шараға аудан әкімі Нұрлан Қызбергенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мирхан Дуанбеков, аудандық қорғаныс істері мен полиция бөлімінің, Ырғыз-Торғай резерватының қызметкерлері, ардагерлер, жастар қатысты.

ШарадатұрғындарғаЖеңіслентасытаратылды. Жиналғандар батырлар рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Аудандықмәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің берген деректеріне сүйенсек, Ырғыз ауданынан Ұлы Отан соғысына 1500 адам аттанып, оның 913-і жау қолынан қаза тауып, елге оралмаған.

Ауданда соғыстағы ерен ерлігі үшін Әлеукеш Көбеков есімді ардагерге «Ұлы Отан соғысының батыры» атағын беру ұсынылған, алайда атақ берілмей қалған. Бүгінде ауданның 9 елді мекенінде Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға арналған ескерткіш орнатылған.

Биыл Жеңіс күніндеауданда 19 адамға тыл ардагері ретінде арнайы төлем тағайындалған.

Д.АЙДАР,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button