Жеңіс

Ескірмес естеліктер айтылды

Жеңіс күні

9 мамыр —Жеңіс күні Темір ауданында да атап өтілді. Бұл күні үлкен-кіші аудан орталығындағы «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті.

—Жеңіс күні — майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн.
Сол бір ел басына күн туған жылдары Отан үшін отқа түсіп, кеудесін оққа тосқан жерлестеріміздің есімі мен ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Отты жылдарда ерте жасынан еңбекке араласқан тыл еңбеккерлерінің ауыр балалық кезеңін, Отанын қорғау жолында өмірін қиған жауынгерлердің ерліктерін жете түсініп, өнеге алып, бүгінгі бейбіт күннің қадірін бағалай білуіміз керек.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақ-береке, тілеймін!
— деді аудан әкімі Саламат Аманбаев.

Іс-шараға жиналғандар Ұлы Отан соғысы жылдарында өмірін қиған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сонымен қатар аудан басшылығы Шұбарқұдық кентінің тұрғыны, 96 жасқа келген тыл еңбеккері Назия Бектұрғанованы мерекемен құттықтап барды. 8 баладан қырыққа жуық немере-шөбере сүйіп отырған ана соғыс жылдарындағы естеліктерін айтты.

Мұндай құрмет тағы бір тыл ардагері Кеңестуы ауылдық округі Қалмаққырылған бекетінің тұрғыны, 95 жастағы Өтесін Қарамысоваға да көрсетілді. Ерте жастан еңбекке араласқан кейуана бүгінде 7 баласынан тараған 34 немере-шөберелерінің әжесі. Аудан әкімі батыр аналарға сый-сияпатын табыстап, жылы лебізін білдірді.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button