Жеңіс

Ардагер жеке құраммен кездесті

Ерлік сабағы

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінде жеке құрамды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатындаауған соғысы ардагерініңқатысуымен«Ерлік сабағы» өткізілді.

Ұлы Отан соғысындағы және ауған соғысындағы майдангерлердің ерліктерін насихаттауға арналған іс-шараға ауған соғысының ардагері, ішкі істер органдарының құрметті ардагері Алмас Үсенов және көліктегі полиция департаментінің батыс аймағы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция полковнигі Сәбит Садықов қатысты.

Көп жылдар бойы Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінде қатардағы полицейден бастап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметтерінатқарған отставкадағы милиция майоры Алмас Үсенов кездесу барысында ауған соғысына басынан аяғына дейін қатысқанын айтып,от пен оқтың арасына қазақ елінен аттанған қандастарымыздың батыл ерліктерін еске алып, ендігі жерде ұрпақтың бейбіт заманда қуатты да дәулетті өмір сүруін тіледі. Сондай-ақ ол қазіргі жас буынға елдің мүддесіне мінсіз қызмет етуге, берген  анттарына адал болуды қаперге салды.

Мерейлі мерекеде қатардағы полиция қызметкерлері кезекті арнаулы шендерін және облыс әкімімен көліктегі полиция департаменті басшылығы атынан Алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара барысында  ішкі істер органдарына жаңадан қызметке келген жас қызметкерлерден салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі  өткізілді.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button