Жаңалықтар

Тағайындау

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып Айбек Шілманов тағайындалды.

Айбек Ақбергенұлы 1983 жылы туған.Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгермамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет атқарудан бастаған.

Мемлекеттік қызмет істері саласындағы өкілетті орган жүйесінде 2008 жылдан  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша басқармасының консультанты, бөлім меңгерушісі болған.

2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, 2019-2020 жылдары агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болды.

Департамент басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті директоры қызметін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button