Жаңалықтар

Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

Азаматтық борыш

Биыл облыс бойынша  1100-ге жуық бозбала Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Облыстық қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығының орынбасары Мирамбек Сақыптың айтуынша, биыл Қарулы Күштерде — 562, Ұлттық Қауіпсізік Комитеті Шекара қызметінде — 140, Төтенше жағдайлар министрлігінде — 28,  Мемлекеттік күзет қызметінде 11, Ұлттық Ұлан қызметінде 360 сарбаз әскери борышын өтейді.

Арнайы құзырлы органдар көктемгі шақырылымға келгендерді жіті тексеруде. Жастарды медициналық тексеруге шақырмас бұрын жеке істері қадағаланады. Егер әскер жасындағы азаматтардың арасында жат діни ағымға қатысы барлары анықталса, олар міндетті түрде әскерге барудан шеттетіледі. Әзірге мұндай деректер аз тіркелді. Биыл 1100-ге жуық сарбаз әскерге аттанбақ ниетте, — дейді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Мейрамбек Сақып.

Биыл көктемгі әскерге шақыру 1 наурыз бен 30 маусым аралығында өткізіледі. Күзгі әскерге шақыру науқаны 1 қыркүйекте басталады.

Отанды қорғауға даярлау — тек мемлекеттік құрылымдардың ғана емес барлық қоғамның бірінші кезектегі маңызды міндеті. Әскери қызмет — ер-азаматтың заңмен бекітілген міндеті, ал оны өткеруден жалтарған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Кәмелет жасына толған жігіттер медициналық тексерістен өтіп, құжаттарды рәсімдеу үшін әскери комиссариатқа келуі керек. Науқан 30 желтоқсанға дейін жалғасады, бұл барлық әскерге шақырылушыларға қажетті процедуралардан өтуге және әскери қызметке дайындалуға мүмкіндік береді, дейді облыстық қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығының орынбасары Ерлан Рамазанов.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button