Жаңалықтар

Қайырымдылық көрсетті

Биылғы су тасқыны көптеген елді мекендерге қауіп төндіріп, тұрғындардың үйлерімен мал-мүлкі су астында қалды. Табиғат апатынан зардап шеккендердің қайғы-қасіреті ешкімді де бейжай қалдырған жоқ. Жекелеген адамдар, ұйымдармен мекемелер көмек қолын созуда.

Сондай жанашыр жандардың бірі — маңғыстаулық кәсіпкер Орынша Өтеубайқызы. Ол — Байғанин өңірінің перзенті, Ақтөбе кооператив техникумының түлегі.Қазіргі уақытта Ақтау қаласында тұратын кәсіп иесі қиын жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, өзі туып-өскен мекеннен шалғай жүрсе де, елім деп еміреніп, жерлестеріне көмек ретінде Байғанин аудандық даму және қолдау қоғамдық қоры есебіне 3 миллион теңге қаржы аударды.

Сонымен бірге ол Атырау облысының Құлсары қаласынан Ақтауға уақытша қоныс аударылған 140 адамды бір апта бойы төсек орнымен қамтамасыз етіп, тамақтандырып, басқа да қамқорлық көрсетті.

Орынша Өтеубайқызының қайырымдылық ісі өзгелерге үлгі боларлық оңды бастама ретінде жалғасын тапса игі.

Н.ДӘНЕКЕРОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button