Жаңалықтар

Жетістікке жету — өз қолыңда

Қамқорлық

«Алаш» мүгедектер қоғамдық бірлестігінде облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Жетістікке жету өз қолыңда» атты іс-шара өтті. Сұхбат кітапхананың белсенді оқырманы, бизнес-жаттықтырушы, спортшы Өтеген Туғамбайұлының қызметтік жолына арналды.

Іс-шараға еріктілер, қалалық зағиптар үйінің әншілері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Сұхбат барысында арнайы әзірленген «Табыс жолында» атты бейнематериал көрсетіліп, психологиялық тренинг өткізілді. Сонымен қатар Өтеген Туғамбайұлы өзі жасаған бұйымдарын таныстырып, оқырмандармен әсерлі әңгіме өрбітті.

Көз жанарынан айырылған Өтеген Туғамбайұлы 2014 жылы Астана қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Бастау-Бизнес» жобасына қатысып, 100 қатысушы арасынан жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда ол «Шелл» компаниясынан алған қайтарымсыз гранты арқылы шағын кәсіп бастап, өзімен тағдырлас адамдарды кәсіпке баулып жүр.

 Құндыз НҰРЛАНҚЫЗЫ, 

облыстық зағиптар және нашар көретін

азаматтардың арнаулы кітапханасының қызметкері. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button