Жаңалықтар

Салық уақтылы түсе ме?

Қоғамдық кеңес

Сейсенбі күні облыстық әкімдік ғимаратында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, белсенділер күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

— Біздің басқарма мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, 2021-2023 жылдары аралығында жыл сайын салық салынатын базаны кеңейту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі. Соған сәйкес жергілікті бюджетті 10,1 миллиард теңге көлеміндегіқосымша түсімдерімен қамту жоспарланды. Сондай-ақ жоспарға иесіз мүлікті, бос ғимараттарды сату, көлік құралдарын уақытша тіркеуге қою бойынша жұмыстар жүргізу, басқа да кешендіміндеттер енгізілді.

Жоспардың негізгі бағыттарында еңбек құқықтарын сақтау және еңбек нарығына қатысушылардың кірістерін заңдастыру, заңсыз көлік қызметтері субъектілерін, тіркелмеген жылжымайтын мүлік объектілері мен жер учаскелерін анықтау, шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі, сондай-ақ экологиялық заңнаманы сақтау жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Бүгінгі таңда бұның барлығы облыс әкімінің өкімімен бекітілді. Жауапты жұмыс комиссиялары құрылды.

Қолда бар деректерге сүйенсек, соңғы үш жылда жергілікті бюджетке бұл бойынша 13,3 миллиард теңге түскен. Яғни жоспар 131 пайызға орындалды.

Біз тараптан құзырлы органдарға салық базасын кеңейту үшін ұдайы ұсыныс-тілектер жолданып тұрады. Өкінішке қарай, салығын уақтылы төлемей отырған серіктестіктер, ірі компаниялар аз емес. Сол сияқты осы Ақтөбенің аумағында жұмыс істесе де, басқа өңірдің атынан тіркелгендер, тиісінше сол жақтың бюджетіне салық аударымын жасап отырғандар да бар, — дейді облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Мақсатов.

Басқосуда салық түрлері, оның әрқайсысының көлемі, көрсеткіштер де айтылды. Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері салықты уақтылы төлеу әр адамның, кәсіпкерлік субъектісінің міндеті екенін, оған селқос қарауға болмайтынын атап өтті. Және бұл істі бірізге түсіру, заңды орындаудан жалтаратындарды дер кезінде анықтау, т.б. мәселелер көтерілді.

Мұнымен біргеотырыста облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының жұмыс жоспары, соның ішінде газбен қамту мәселесі тілге тиек етілді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button