Жаңалықтар

Қосылған құн салығын кімдер төлейді?

Брифинг

Ең төменгі айналымы айлық есептік көрсеткіштен 20 000 есе асқан кәсіпкерлер қосылған құн салығын төлеуі керек.

Бұл жөнінде «Қосылған құн салығы бойынша есепке қою» тақырыбында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында айтылды. Жиынға облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Бекболат Көкшин мен осы департаменттің бөлім басшысы Бақытгүл Қуанышалина қатысты.

Биыл айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңге мөлшерінде белгіленді, демек, ең төменгі айналымы 73 миллион 840 мың теңгеден асқан жағдайда кәсіпкер қосылған құн салығын төлеуге міндеттеледі. Кәсіпкер айналымын қарап, бағалап, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне өз еркімен тұруы қажет, — деді Бекболат Көкшин.

Сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары үшін қарастырылған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алынбайды.

Салық органдары ҚҚС төлеуге міндетті, алайда есепке тіркелмеген жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны анықтаған жағдайда 5 күн ішінде оған хабарлама жіберіледі. Кәсіпкер (немесе ЖШС) осы хабарламадан кейін 30 күн ішінде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұруы қажет. Олай етпеген жағдайда банктегі шотынан шығыс операцияларды тоқтату бойынша шара қабылданады, сонымен қатар әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салу да көзделген.

Салық қызметкерлері кәсіпкерлерді ҚҚС төлеу бойынша бюджет алдындағы міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

 А.САРЫБАЙ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button