Жаңалықтар

Еңбегі ескерусіз қалмайды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті тасқын судан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқан ерікті студенттердің оқу ақысына жеңілдіктер қарастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы оқу ордасының ректоры Лаура Қарабасова айтты.

27 наурыздан бастап Жұбанов университетінің 500-ге жуық студенті құм тасу, бөгет жасау, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарына қатысты. Ал қауіп бәсеңдегеннен кейін оларгуманитарлық көмек қабылдайтын орталықтарда қажетті тұрмыстық тауарларды сұрыптап, тасуға көмектесіп жүр. Лаура Қарабасова қыз-жігіттердің бұл еңбектері ескерусіз қалмайтынын айтты.

Жұбанов университеті Ақтөбе өңіріндегі аса маңызды әлеуметтік институт ретінде жерлестерге барынша қолдау көрсетіп жатыр. Педагог-психолог мамандарымыз эвакуациялық пункттерде орналасқан отбасылардың балаларына психологиялық көмек көрсетсе, азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығының оқытушылары мен студенттері 250-ден астам адамға ыстық тағам таратты. Сондай-ақ 500-ге жуық студентіміз еріктілер қатарында еңбек етіп жүр. Олардың араларында ақылы бөлімде оқитын студенттер де бар. Алдағы уақытта олардың оқу ақысына жеңілдік беруді қарастырып жатырмыз. Жастардың еңбегін елеусіз қалдырмауға тырысамыз, — деді ол.

Бүгінде Ақтөбедегі «Анаға тағзым» орталығы қажет азық-түлік пен тұрмыстық заттарды жинайтын негізгі пунктке айналды.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мирхан Ермағамбетовмұндағы жұмыстарға мыңдаған ерікті жұмылдырылғанын айтты. Сондай-ақ ол  өңірдегі жағдайға байланысты Ұлттық волонтерлік желі Ақтөбе облысына 2 миллион теңге көлемінде қаражат аударғанын хабарлады. Бұл қаражатқа ақтөбелік жастар Қобда мен Ойыл ауданына қажетті электрогенератор, үйді кептіруге арналған пушкалар мен мотопомпалар сатып алған.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button