Жаңалықтар

Мемлекеттік басқаруды бюрократиядан арылту

Маңызды мәселе

Еліміздің дамуын мейлінше тежейтін шектен тыс бюрократиялануды жүйелі түрде жойып отыру мақсатында «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлық қабылданды. Бұл мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдау тиімділігін арттыруға, атқарушы билік қызметінің шамадан тыс заңнамалық регламенттелуін болдырмауға, құжат айналымын, есептілікті қысқартуға мүмкіндік береді.

Соңғы онжылдықтардағы Қазақстандағы әкімшілік реформалар барысында «ашық» немесе «жауапты» бюрократия деп аталатын тұжырымдаманы іске асыру бірқатар маңызды элементтерді қамтыды. Олардың қатарында шешімдерді дайындау сатысында азаматтармен кең консультациялар алысу, қабылданатын шешімдерді жария негіздеудің міндеттілігі, іс-әрекеттің балама нұсқаларын қарау, азаматтар мен қоғамдық ұйымдар үшін мемлекеттік органдардың материалдары мен жұмыс процесінің қолжетімділігі, сұратылған ақпаратты беруден бас тартқаны, оның жалған немесе бұрмаланған мазмұны үшін жаза, т.б. бар.

Бюрократиядан арылту басымдығы цифрландыру, басқарушылық жауапкершілік, үздіксіз жетілдіру және регламенттеудің оңтайлығы қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.

Бюрократиядан арылту бойынша фокус-топтар жұмысы барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы өкілдеріне Ақтөбе облысы бойынша облыстық басқармалардан, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінен және жергілікті атқарушы органдардан өз салалары бойынша бюрократиялық кедергілер тудырып отырған нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру, бизнес субъектілерін қаржыландыру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша өз кейстерін ұсынады.

Кейс ұсынған мемлекеттік қызметшілердің бюрократиядан арылту бойынша ұсыныстары, негізінен,мемлекеттік қызметтерді сапалы, уақтылы және бюрократиялық мәселелерді шешу мақсатында мемлекеттік деректер базасы мен ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру жұмыстарын жүргізу, «Электронды үкімет» веб-порталындағы техникалық аққаулықтарды шешу,өтініш беруші азаматтардың отбасылық, туыстық қарым-қатынастарын анықтау үшін мемлекеттік қызмет көрсетушіге ақпараттық жүйе ашу,кейбір қызмет көрсету құқығына конкурс өткізуді электронды түрге ауыстыру, т.б. сипатында болады.

Фокус-топтар жұмысында кейстер талқылағаннан кейін мүдделі топтардан электронды сұрау жүргізілді. Сұрауға 1989 респондент, оның ішінде мемлекеттік атқарушы органдардан — 42,9 пайыз, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен — 22,1 пайыз, басқа да мекемелерден 0,7 пайыз, т.б. қатысты.

Әкімшілік процедураларды жүзеге асыру мерзіміне 40,1 пайыз респондент ақпараттық жүйелердегі ақаулар, ал 19,7пайыз басқа органдар және ұйымдармен келісу деп атап өткен.

Нормативті-құқықтық актілердің қандай кемшіліктері бюрократиялық қиындықтар тудырады деген сұраққа «қайталанатын, артық міндеттер, функциялар» деп 53,8 пайыз артық, негізделмеген талаптар немесе шығындар деп 22,4 пайыз респондент жауап берді.

Мемлекеттік органдардың функцияларында басқа мемлекеттік орган немесе ұйымдар тарапынан қайталанатын қызметтер бар деп респонденттердің 25,8 пайызы көрсеткен.

Мемлекеттік қызметті электронды көрсетумен қатар, қағаз түрінде шығару қажет жағдайлар бар ма?» деген сұраққа 25,8 пайыз респондент «иә» десе, 72,1 пайыз «жоқ» деп жауап берген. Мысалы, екі форматта қызмет көрсету сертификат, қорытынды, экспорт, импорт және транзитке рұқсат беруде, жер учаскесінің мақсатты белгілеуін өзгертуде, т.б. жағдайларда орын алады.

Ақтөбе облысының мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократиялық мәселелерді оңтайлы шешу мақсатында фокус-топ және сұраулар қорытындысы бойынша төмендегідей ұсыныстар келтіруге болады:

– әрбір мемлекеттік орган өз қызметінде қайшылық туғызатын нормативті-құқықтық актілерге өзгерту енгізу мүмкіндігі;

– кейбір бақылау-қадағалау мемлекеттік органдарында нақты әдіснамалар әзірлеу, өйткені сәйкес нұсқаулықтың, критерийлердің, әдіснаманың болмауы комиссия шешімінде субъективті бағалаудың немесе арызданушының қайта арыздануына негіз болуы бюрократиялық мәселе тудырады;

– мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін жетілдіру, өйткені олардың басым бөлігінің ақпараттық жүйесінің жетілдірілмегендігінен, ақпараттық жүйелердің интеграцияланбауынан немесе интернет желісінің әлсіздігінен қызмет көрсету сапасы төмен болып отыр;

– мемлекеттік органдардың бизнес-процестеріне формализация жасау және талдау жүргізу, соның негізінде қайталанатын қызметтерді анықтау.

 Раушан ЕСБЕРГЕН,

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button