Су тасқыны

Қауіптің алдын алу: Нұра және Мамыр ауылдарынан тұрғындар эвакуацияланды

Бүгін облыс басшысы Асхат Шахаровтың тапсырмасымен Ырғыз ауданы Нұра және Мамыр ауылдарының тұрғындары қауіптің алдын алу мақсатында қауіпсіз жерге көшірілді. Мамырда – 152, Нұра ауылында 691 адам тұрады.

Бұған – Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі себеп. 

ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен барлығы 80 адам (Мамыр ауылы – 74 адам, Нұра ауылынан – 6 адам), оның ішінде 53 бала эвакуацияланды.

Ауыл тұрғындарын қабылдау үшін Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, №1 және №2 орта мектептері, «Жігер» спорт кешені дайындыққа келтіріліп, қажетті заттармен жабдықталды.

Сондай-ақ, Мамыр және Нұра ауылдарына Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары және арнайы техника жұмылдырылды. Ауылдарды судан қорғау мақсатында бөгеттер нығайтылды.

Тасқын су бөгеттен асып немесе жырылып кетсе, ауылды су басу қаупі туындайды.

А.ІЛИЯС. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button